Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Бүгінгі таңда мәселенің түп-тамырын табу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептерін анықтау маңызды екені күн сайын айтылуда. Бұл тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, аталмыш мәселеге әлеуметтанушыларды, сарапшыларды, психологтарды және мемлекеттік органдарды тарту қажет.

Отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады.

Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық қаржылық қиындықтармен, ішімдікке әуестікпен және нашақорлықпен, әйелдің материалдық жағдайымен тікелей байланысты.
Отбасы аясында жасалатын құқық бұзушулықтардың құқықтық және әлеуметтік аспектілерін талдау кезінде тұрмыстық қақтығыстар саласындағы негізгі қиындық пен қарсылық жәбірленунішің өз жағдайын ауырлатудан қорқып, зорлық көрсеткен адам жөнінде айтқысы келмеуі деген қорытындыға келуде. Көбінесе олар өздері үшін қорқып, үнсіз қалады.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу үшін 2009 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилаткикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу және тергеу тетігін көздейтін нормалар жазылған.
Сонымен қатар, заңнаманың соңғы өзгерістеріне сәйкес, полиция тұрмыстық құқық бұзуылықтарды тіркеудің мәлімдемелік сипатына емес, анықтау сипатына көшті. Тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталды, әкімшілік және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 73-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болған кезде олар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады, бұл үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Кейбір елдерде зорлық көрсетушілерге олардың мінез-құлқын түсінуге, қайта зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмектесетін тиісті бағдарламалар бар. Мұндай елдер мемлекеттік қаржыландыру шеңберінде зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін коммерциялық емес ұйымдарға қаржылық қолдау, заңгерлік көмек, кеңес беру және баспана ұсынуда. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары әйелдер мен балаларға арналған мамандандырылған дағдарыс орталықтарына жүгіне алады. Онда оларға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетіледі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі). Көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.

Әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық білім деңгейінің және әлеуеметтік-экономикалық жағдайдың төмен болуы себепті, сондай-ақ, берекелі отбасы болып есептелетін отбасында да туындауы мүмкін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында балалар құрбан немесе зорлық-зомбылыққа шағымдана алмайды. Егер, зардап шеккен адам өзінің қауіпсіздігі немесе балаларының қауіпсіздігі үшін қорқатын болса, балаларды мүмкіндігінше тезірек бұл жағдайдан алып кетуі керек. Балалар – бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайындағы ең осал әлеуметтік-демографиялық топ. Сонымен қатар, агрессия немесе зорлық-зомбылық ауызша немесе физикалық болуы мүмкін. Тұрақты зорлық-зомбылықтың куәгері болған жеткіншектерде басқа балаларға қарағанда эмоционалды және мінез-құлық проблемалары көбірек болады.

(Ата-аналарға өз балаларына жүру үшін жаднама).

– Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және тағы басқа жерлерге бармау.

– Үйде жалғыз қалғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек.

– Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүзеге асыратын субъектілер:

1) Жергілікті атқарушы органдар.

2) Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялары.

3) Ішкі істер органдары.

4) Білім беру органдары.

5) Дағдарыс орталықтары болып табылатынын біле жүріңіздер.

Балаларыңызды қорғаңыз, себебі, бала-өмірдегі ең қымбатты жан!

Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу -бұл тек мемлекеттің ғана емес,сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті екенін естен шығармауымыз қажет. Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға-тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол,қайырымды қоғамды құрып ғана қоймай,зорлық-зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында.

Қымбатты ата-аналар, зорлық-зомбылықсыз болашақ біздің болашағымыз үшін, кейінгі ұрпақ үшін қажет, сол себепті барлығымыз бірігіп жұмыс жасауға шақырамыз!

Пікір жазу