Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Отбасы — шағын мемлекет. Оның босағасы берік, шаңырағы биік болса ғана халық саны көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына тигізер ықпалы зор болмақ. Өкінішке қарай түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес.

Қоғам үшін ең бастысы – Тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым-қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық, Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

«Тәрбие — тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі ешуақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар.

Бүлінген тағдырлар, тепкінің құрбаны болғандар, шарасыздан бұғып, бара жері басар тауы болмағандар, сеңделгендер, әлімжеттік жасап әйелінің арын, намысын,құқығын аяққа таптағандар, бассыздыққа салынып ұл қызына қол көтергендер. Осылайша қаншама әйел, ұл-қызымыз үреймен қорқыныштың жетегінде өмір сүріп енді бірі құрбаны болып жатыр.

Отбасылық жағдайдағы зорлық-зомбылық туралы Сіз білесізбе? Ол отбасындағы орын алып жатқан зорлық-зомбылықтың кез-келен түрі: Отбасыңыздағы ер адамның әйеліне, қызына, қарындасына, анасына, әпкесіне, балалардың анасына деген зорлық-зомбылығы. Агрессия, ұрып-соғу, қорлау, жыныстық ұатынасқа мәжбүрлеу, қорқыту, бопсалау осының барлығы шыдауға болмайтын  Зорлық-зомбылық!  Ең бастысы зорлық-зомбылық өмір үшін және денсаулық үшін өте қауіпті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасылық тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекет. Көбінесе, әйелдер мен балалар – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы сынап-мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда.
Тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жерлері бойынша толық тексеру жүргізіледі. Оларға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылған не мінез-құлқына ерекше талап қойылған адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауларына ерекше назар аударылады.

Отбасындағы зорлық-зомбылық – тұтас әлем шешуін таппай отырған өте күрделі проблема. Оның физикалық, психологиялық, экономикалық және жыныстық тұрғыдағы төрт түрі болады. БҰҰ мына жағдайларды отбасындағы зорлық-зомбылық белгісі деп санайды: серігің сені төмен санаса, мазаққа айналдырса, өз бетіңше шешім қабылдауға жол бермесе, қорқытып-үркітіп дегенін істетсе, саған дөрекілік танытып, ұрып-соқса, өз қалауын саған тықпаласа, үздіксіз бақылауда ұстаса, саған шығар жол қалдырмаса, достарың немесе туыс-туғаныңмен араласуға тыйым салса, одан қорқып өмір сүрсең және оның бірдеңе істеуінен қорқып, ерлі-зайыпты қатынасты сақтап жүрсең.

Мұндай әрекеттердің соңы күш көрсетуге ұласып, кісі өліміне себеп болуы мүмкін. Біздің елде ошақ басындағы ұрыс-керіс көбіне жабулы қазан күйінде қалады, оны ашыққа шығаруға әулеттің үлкендері немесе жәбірленушінің өзі намыстанады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, зорлыққа ұшырағандардың 70-90 пайызы полиция көмегіне жүгінбейді екен

«Әйелді ұрма, сағы сынады, баланы ұрма, бағы сынады» деген ата-бабаларымыз ананы да, баланы да ұрмай-соқпай ақылмен басқара білген. Сондықтан отбасы берекесін кетірмей, татулықта ұстау – есті азаматтар ескеретін жайт.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар ая­сында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.

Әйелдерге қатысты зорлық — зомбылық әлемнің барлық аймағында таралған және кез кел­ген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзікжандыларға қатысты зорлық — зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана қозғап қоймай, со­нымен қатар, басқа жағдайлардан туындайды. Тұрмыстағы зорлық- зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алмай келеді. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тыры­сады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді.

Қазіргі қоғамның басты дертіне айналған бұл мәселемен жалғыз құқық қорғау қызметкерлері ғана емес, жалпы қоғам болып күресу маңызды. Отбасын саналы түрде құрған ер азамат отбасы алдындағы жауапкершілікті сезініп, тұр­мыстық зорлық-зомбылыққа жол бер­мегені абзал.
Қазақ халқы әйел адамды қа­шанда құрметтеп, орны ерекше деп бағалаған. Ана деп ардақтап, қарын­дас деп еркелеткен. Ер-азаматтың тірегі, қам­қоршысы болған әйелдер қамық­қан­да сүйеу, тарыққанда тіреу, қам кө­ңілге жұбаныш бола білген.

Әлсізге әлімжеттік жасау, күш көрсету – қылмыс. Қылмыс жасағандар заң бойынша жазалануы қажет. Бірақ кейінгі кезде қоғамда қазақ азаматтары зорлық-зомбылыққа бейім деген пікір дендеп барады. Ел арасында айтылып жүрген «Қазақстанда жылына 400 әйел ерінің қолынан көз жұмады» деген ақпарат та өз азаматтарымызды күстаналауға күш беретін жалған дерек. Мұндай сыңаржақты айыптаулар қоғамда ер мен әйелдің бір-біріне деген сеніміне селкеу түсіріп, жастардың тұрмыс құруға деген ынтасына су себуі мүмкін. БҰҰ мұндай пасық әрекет ұлтқа, нәсілге қарамайтынын айтады. Кез келген елде жауыз да, жалмауыз да бар. Оны жоғарыда келтірген деректерден байқадық, дамыған елдердің өзі бұл дерттің дауасын таппай отыр.

Бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналған отбасындағы зорлық-зомбылықтың ал­дын алып, бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру әр адамның өз қолында.

Жоғарыда айтылған жәйіттар өміріңізде, отбсыңызда немесе туысқандарыңызда орын алып жатса не істеу керек?

-Ұрып соғуды, қорқытуды камераға түсіріңіз. Қорғануға осы жазылымдар көмектеседі.

-Әрбір жағдайда полицияға хабарласыңыз.

-Балалармен бара алатын қауіпсіз орын іздеңіз.

-Туысқандарыңыздан, сенімді адамыңыздан көмек сұраңыз.

-Көршілерге үйде айқай-шу естілген жағдайда полиция шақырту керектігін ескертіп қойыңыз.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-ші бабына 01.07.2023 жылы өзгерістер енгізілді,  яғни бұрын жәбірленушілер арыз жазудан бас тартқан болса қазір арыздың негізінсіз, хабарлама арқылы құқықбұзушы 24 сағатқа қамаққа алынады. Одан әрі іс-құжат сотқа жолданып, Сот шешімімен әрі қарай қамаққа алынады. 73б 1б (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынасардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын жеке тұрғын үйде , пәтерде немес өзгеде тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –ескерту жасауға немесе бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғад). 73-2б 1 (Тән ауруын ұшыратқан бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау- он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.)

«Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, полицияның кезекші бөліміне, 102-ге қоңырау шалыңыз. Жарақатыңыз болса бірден жедел жәрдем шақырып немесе ауруханаға барып, алған жарақаттарыңызды тіркетіп, полицияға жүгініңіз.

Құқықбұзушы жауапкершіліксіз қалмасын!

Қазақстан – зайырлы мемлекет, сондықтан азаматтарымыз ар-ождан бостандығымен қамтамасыз етілуі тиіс. Зорлық-зомбылықсыз болашақ, біздің болашағымыз үшін, кейінгі ұрпақ үшін қажет, сол себепті барлығымыз бірігіп жұмыс атқаруымыз қажет.

 

 

Пікір жазу