Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ 264 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ 264 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Осы орайда, Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қадағалауымен аудан көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс шарасы өтті.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауданы бойынша ІІО есептерінде тұратын тұлғаларды (бұрын сотталғандар, маскүнемдер, нашақорлар) тексеруді, әкімшілік құқық бұзушылықтар фактілерін, оның ішінде көшелерде және қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерін тұтыну немесе мас күйде болу фактілерін, алкаголь өнімдерін белгіленген уақыт талабын сақтамай сатқан дүкен иелерін анықтау, түнгі мезгілде сағат 23:00 кейін түн тыныштығын бұзатын құқық бұзушыларды және кәмелетке толмағандармен немесе оларға қарсы жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында, көлік құралдарымен жасалатын құқық бұзушылықтарды, оның ішінде, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік құралдарын басқаруы, басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің алкагольдік масаң күйінде басқару фактілерін анықтау және жолын кесу, азаматтық қарудың дербес иелерін тұрғылықты жері бойынша қарудың сақталуын, уақтылы тіркелуін, әкімшілік учаскелердегі аулаларды, ойын-сауық орындарын, кафе барларды аралап рейд жүргізу жөнінде, сонымен қатар, іздеуде жүрген хабар ошарсыз кеткен азаматтар мен қылмыскерлерді анықтау бағытында жұмыстар ұйымдастыруға нұсқама берді.

Осы ретте, тәртіп сақшылары іс-шара барысында көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту мақсатында қызмет етеді. “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Жеке құрамнан 43 қызметкер жұмылдырылып өткізілген шарада жалпы 264 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде автокөлікті мас хәлде басқарудың 3 дерегі, қарама қарсы бағытқа шығудың 1 дерегі, жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 3 дерегі анықталып, сотқа тиісті шара көру үшін жолданды.

Сонымен қатар аталған шара барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алуда бағытында түнгі топ құрылып, аудан көлемінде профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, полиция қызметерлері қоғам тыныштығын күзетіп ғана қоймай, түрлі деңгейдегі қылмыстарды болдырмауға жұмыла жұмыс жасайды. Жекелеген қылмыстардың алдын-алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық тәртіптің сақталуын қатаң қадағалайды.

– Жаз маусымына байланысты оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында, ата-аналарға қатаң ескертеміз, – дейді полиция қызметкерлері.

Себебі рұқсат етілмеген су айдындарында суға шомылуға болмайды.

Белгіленбеген орындарда суға түсуге болмайтыны жөнінде төтенше жағдайдың алдын алу мамандары мен тұрғындарға айтылып, хабарламалар, ескерпе үнпарақтар таратылды.

Сақшылар жол жүру ережелерін бұзуға және одан кейінгі әкімшілік жауапкершілікке айыппұл түрінде жол бермеуді ұсынады.

Интернет-сайт арқылы айыппұлдарды тексеру кезінде Сіз «айыппұлдарыңыз туралы біліңіз» деген бетбелгіге кіресіз, содан кейін көлік иесінің ЖСН енгізесіз және фото-бейнетіркеу жүйелерінде тіркелген бұзушылықтар болған жағдайда, осы бұзушылықтардың фотосуреттерін сол жерде басып шығаруға болады.

Сонымен қатар Президент 19 сәуірде қол қойған заң күшіне енуіне байланысты қазығұрттық полицейлер шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптерге тыйым салу туралы аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Электронды темекі өнімдерін, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, жарнамалауға тыйым салған заң күшіне енді. Вейптердің айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Бүгінде вейптерді сатуға, таратуға және елге әкелуге тыйым салатын заң күшіне енді. Қазақстандықтар арасында танымал вейптерге немесе «бір реттіктерге» қазір тыйым салынды. Темекі шеккені үшін жазаланбайсыз, бірақ оларды сату, тарату және әкелу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қазақстандағы вейптерге ресми түрде не жатады:

электрондық тұтыну жүйелері — никотинді электронды және никотин болып табылмайтын өнімдерді электронды жеткізу жүйелері — құрамында никотин бар немесе онсыз сұйықтықты (картридждерде, резервуарларда және басқа контейнерлерде) қыздыратын электрондық технологияларды (аккумуляторды) пайдаланатын құрылғылар (соның ішінде электрондық темекі), құрамында никотин жоқ басқа химиялық заттар, хош иістендіргіштер пайдаланушы ингаляциялайтын аэрозольдің пайда болуы.

Вейптерді сатқаны, таратқаны, әкелгені және өндіргені үшін қандай жаза қолданылады (ҚР ҚК-нің 301-1 б.):

— екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелу, өндіру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер:

— оларды қылмыстық топ жасаса;

— олар аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса;

— бірнеше рет жасалса, мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұл бағытта полицейлер кәсіпкерлік нысан иелерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

 

 

Пікір жазу