Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » ҚАЗЫҒҰРТ: ФУТБОЛДАН ӨТКЕН АУДАНДЫҚ ТУРНИР

ҚАЗЫҒҰРТ: ФУТБОЛДАН ӨТКЕН АУДАНДЫҚ ТУРНИР

Жуырда Қазығұрт ауданының орталық футбол алаңында 2022-жыл «Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылы» және «Спорт күніне» арналған футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазығұрт аудандық №4БЖСМ турнирі өтті.
Жарысқа №4 БЖСМ командалары қатысты. Ойындар айналым тәсілімен екі топта өтті. Ойындардың нәтижесінде бірінші орынды «Қазығұрт», екінші орынды «Рабат» үшінші орынды «Қожамберді» командалары иеленді. Жеңімпаздарға №4 БЖСМ тарапынан дайындалған кубоктар, медальдар, дипломдар және сыйлықтар табыс етілді.
Жарыста ерекше көзге түсіп, төрешілер шешімімен: «үздік қақпашы» Арапбай Абылай (Рабат), «үздік шабуылшы» Ержанұлы Сұлтанмахмуд (Қазығұрт), «үздік қорғаушы» Сейдазим Алихан (Қазығұрт), «үздік ойыншы» Әбдіразақ Айқын (Қожамберді), «үздік жартылай қорғаушы» Арал Әділет (Шарбұлақ) атанып, арнайы дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар турнирде жақсы ойын көрсеткендері үшін: Тұрғынбек Асылжан, Оралбек Алиакбар, Бердібек Мейірхан, Асан Ерзат (Шарбұлақ) дипломдармен марапатталды.

Сонымен бірге, Қызылқия ауылындағы «Қызылқия» спорт кешенінде «Спорт – нашақорлыққа қарсы» атты ұранымен қол күресінен 2005-2006, 2007 және одан жоғары жылы туылған жасөспірімдер арасындағы облыстық жарыс болып өтті. Жарысқа аудан, қалалардан 10 команда, 200-ге жуық спортшы қатысты.
Жүлделі орындарға ие болған командалар мен спортшылар грамота, медаль, кубок, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Пікір жазу