Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » «САМБО» КҮРЕСІНЕН ШЫМКЕНТІТІК ОҚУШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

«САМБО» КҮРЕСІНЕН ШЫМКЕНТІТІК ОҚУШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Ақтау қаласы «Халық арена» спорт кешенінде алғаш рет спорттық және жауынгерлік самбодан жасөспірімдер, жастар, кадеттер және шеберлер арасында Азия және Океания чемпионаты өтті.
Чемпионатқа 25 мемлекеттен 500-ден астам спортшылар мен қонақтар қатысты.
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Циолковский атындағы №84 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Тұрлыбек Гүлсезім 65 келі салмақтағы Азия Чемпионатында жасөспірімдер арасында “Самбо” күресінен жүлделі 1 орынды иемденіп, Азия чемпионы атанды.
Айта кететін, балалардың демалысы мен бос уақытын сапалы ұйымдастыру мақсатында туризм және спорт министрлігі іс-шаралар кешенін қарастырды. Ол балалар мен жасөспірімдердің спорттық әлеуетін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталып отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев баяндаған болатын.
Бүгінде балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және олардың саяхатына қатысты жобаларды қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып белгіленген. Осыған орай балалар лагерлеріне түгендеу жүргізу нәтижесінде объектілердің каталогы жасалды.
Жұмыс істеп тұрған балалар демалыс базаларының бір бөлігі кеңестік кезеңде салынған, көбісі ғимараттарды пайдалану мерзімінен асып кеткен және күрделі жөндеуді қажет етеді. Алайда, көптеген кәсіпкерлер үшін осы салаға инвестиция тарту бизнестің маусымдылығына байланысты тиімсіз болып қала береді. Сондықтан инвестициялық белсенділікті ынталандыру үшін құрылыс шығындарының 10%-на дейін өтемақы алу және туристік автобустарды сатып алу шығындарының 25%-ын өтеу мүмкіндігін болдырмайтын мемлекеттік шаралар енгізілді.
Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым жұмыс істейді. Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамыған.
2024 жылы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына шымкенттік 11 спортшымыз жолдама жеңіп алды.
Алдағы уақытта грек-рим күресі, стенд ату және нысана көздеу спорт түрлерінен Олимпиада ойындарына 3 жолдама жеңіп алу жоспарланып отыр.

 

 

Пікір жазу