Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » БАЙДАРКА ЖӘНЕ КАНОЭДЕ ЕСУДЕН СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТУДЕ

БАЙДАРКА ЖӘНЕ КАНОЭДЕ ЕСУДЕН СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТУДЕ

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байдарка мен каноэде есуден Л.Тәжиева атындағы № 4 спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Жарыста 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер 150, 200 метр қашықтық бойынша бақ сынайды. Жалпы 70 жас спортшы қатысуға өтініш берген.
Іс-шараның ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл жасөспірімдерді бүгінгі мерекемен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі.
Саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен сайыс Дендросаябақта алғаш рет өткізілуде. Басқарма басшысы байдарка және каноэде есу спортын осы аумақта да дамыту жоспарда бар екенін атап өтті. Бұл спорт түрі қалада қарқынды дамып келеді.
Биылғы Париж Олимпиадасына аталған спорт түрінен қаладан 3 спортшы жолдама алды. Сергей Емельянов пен Руфина Искакова биыл Азия чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.
Шымкенттік оқушы Азия чемпионы атанды.
Білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Төлебай Тоғжан Ақтау қаласында өткен самбодан жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионатында Азия чемпионы атанып, 1 орынға ие болды. 27 мемлекеттен 500 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде жеңіске жеткен жас спортшының осыған дейінгі жетістіктері де жетерлік.
Екі жыл бұрын ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай Дзюдо күресінен «Отырар» спорт клубының ашық біріншілігінде 1-орын алғаны үшін марапатталған. Ал былтырғы жылы Төлебай Тоғжан «Antalya Natik Canca International Training Camp and Judo Tournaments» турнирінде 1-орын алып, қаламыздың абыройын асқақтатты. Жуырда ғана өткен Дзюдо күресінен Кеңес Одағының батыры Е.Молдабаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында өткен «Мини-Татами» республикалық ашық турнирінде 1-орынды иеленді.
Ал, қалада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Дендросаябақта «Aulet Run» жүгіру сайысы өтті. 5 шақырымдық бұқаралық жүгіру жарысына 18 жастан асқан азаматтар, жалпы 100-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Және 70 ерікті жас тартылған.
Іс-шараға демеушілік еткен — Aulet devolepment group құрылыс компаниясы. “Shymkent run club” жүгіру клубының жетекшісі Айдана Түлкібектің айтуынша, қалада бұқаралық жүгіру сайысына жылдан жылға қызығушылық артып келеді. Бұл жолғы сайыста ерлер және әйелдер 18-29, 30 + категориясы бойынша бақ сынады.
Әуесқой жүгірушілер, қала тұрғындары осылайша саламатты өмір салтын насихаттады. Құрылыс компаниясы тарапынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдар және қаржылай сыйақылармен марапатталды.

Пікір жазу