Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » Ел Тәуелсіздігіне арналған тақырыптық кітап көрмелері өтуде

Ел Тәуелсіздігіне арналған тақырыптық кітап көрмелері өтуде

Түркістан қалалық №11 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан  ұлы дала елі, мәңгілік ел»  атты тақырыптық көрме болып өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.

Аталған көрмеге ел тарихынан, мәдениетінен, жетістігінен сыр шертетін кітаптар қойылды. Шараның басты мақсаты — Қазақстанның қалыптасу тарихына шолу жасау, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін оқырмандарға таныту.

Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 31 жыл толып отыр. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім мемлекеттік органдардың белсенді және үйлесімді жұмысына, азаматтардың шығармашылық қызметіне негізделген заманауи қазақстандық шындықтың басты өзегі болып табылады.

Одан бөлек, №3 кітапхана-филиалы «Қазақстан — құт береке мекені»,  балалар кітапханасы «Елдігі еңселі бірлігі бекем Қазақстан», №7 кітапхана -филиалы «Қазақстан — ел ертеңі», №8 кітапхана-филиалы «Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан — жүрегім» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Ел тәуелсіздігіне арналған атты кітап көрмесінде қалалық кітапхана қорынан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған материалдар ұсынылған. Республиканың ғылым және техника, халықаралық қатынастар, экономика және саясат саласындағы жетістіктерін бейнелейтін қазақстандық және шетелдік авторлардың кітаптары тәуелсіздік алған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін кеңінен қамтылған.

 

Пікір жазу