Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » АРЫСТАНБАБ КЕСЕНЕСІ

АРЫСТАНБАБ КЕСЕНЕСІ

Ахмет Иассауидің алғашқы ұстазы, жүгінер пірі болған Арыстанбаб есімі Отырар, Сайрам, Иассы өңіріндегі сопылардың рухани жолбасшысы ретінде кеңінен жайылған. Ел арасында (Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. К.Г. Зельман, Ә. Диваев, В.В. Бортольд, М.Е. Массон, А.А. Сменов, Дж. Тирмингэм, И. Меликофф еңбектерінде Арыстанбабтың Қожа Ахмет Иассыуиге ұстаздық еткені туралы айтылады.

Арыстанбаб есімі Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани Хикметінде» жиі айтылады. Бірінші хикметте «Жеті жаста Арыстан бабама сәлем» деп ұстазымен алғаш кезіккен уақытты көрсетеді. Екінші хикметте: Жеті жасымда Арыстан бабамды іздеп таптым, Көре сала пердемен бүркеп жаптым. Биһамды-л-лаһи таныдым деп ізімді сүйді, сол себептен алпыс үште жерге кірдім деген. «Диуани Хикмет» бізге Арыстанбаб пен Қожа Ахмет бабалар өмір — өнегесінің мазмұны – сопылық, ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екнін уағыздайды.

Азия алабындағы ежелгі сәулет өнері ескерткіштерінің бірі – Арыстанбаб кесенесі және Отырар қаласының маңына жерленген Арыстанбаб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана мешіт, құжырхана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі – қабірхана. Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында салынған. Мазар ХІҮ ғасырда қайта жөнделген. Осыған орай ел арасында таралған мынадай аңыз бар, «Қожа Ахмет мазарының қабырғалары қаланып болған түні алып көк өгіз келіп, дуалдарды мүйізімен соғып, құлатып кетеді. Ғимараттың қабырғасы қайта тұрғызылып, күнбездер қайта қалана бастағанда осы оқыс оқиға тағы қайталанып, құрылыс үйілген төбеге айналады. Тегін емес бұл жай Әмір Темірді көп ойландырады. Бір күні түсіне ақ киімді шал еніп, ол Қожа Ахметтің ұстазы –Арыстанбабтың қабірі үстіне мазар сал деп аян береді. Осы аян-өсиет орындалған соң ғана Әмір Темір Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мазарының құрлысын ойдағыдай тамамдапты»

Арыстанбаб кесенесі ХХ ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен, күйдірілген кірпіштен, ауданы – 35х12 метр, биіктігі 12 метр, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға Әзірет Сұлтанға бағытталған, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебіне қайт жөнделді, дәліз қақпа маңдайшасына хижра бойынша соңғы құрлыс жүрген уақыт 1327 жыл деп таңбаланбаған мәрмәр тақта қаланған.

Дереккөз:  www.otrarmuseum.kz

 

Пікір жазу