Түркістан өңірі тұнып тұрған тарихи жәдігерлерге толы. Соның бірі — Тарихы орта ғасырларлық көне қала саналатын Отырар қаласы.
Қазіргі Отырар ауданының аумағында орналасқан қала және ондағы тарихи жауһарлар жөнінде оқырмандарға мағлұматтар ұсынуды жөн көріп отырмыз.
I-XV ғғ. (археол.). Қоғам ауылының солтүстігінде, 7 км жерде орналасқан. Географиялық координатта-ры 42Т 438693 UTM 4750346. 1949 — 51 жж. Оңтүстік Қазақстан археологиялықэкспедициясы (Е. И. Агеева, А. Н. Бернштам) зерттеген. 1986 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экс-педициясы (К. М. Байпақов) қазба жүргізген.
Ескерткіштің екінші аты — Қоңыртөбе. Жергілікті тұрғындар берген ат қалажүрттың ерекшелігін дәл көрсетеді. Оның жоғарғы қабаты күл, жанған қамыс, ағаш және баска органикалық қалдықтардан түрады. Бүл, бір кездері осында түрған қаланың өртеніп кеткендігінің айқын дәлелі. Қала орны бір топ төбе болып қалған, олардың ішінде цитадель, шахристан және рабады анық байкалады. Төбенің орталық бөлігі төртбұрышты жайдақ келген, биіктігі 8 м. Етегінің көлемісол-түстіктен оңтүстікке қарай 220 м, шығыстан батысқа қарай 340 м. Төбенің жоғарғы жағының көлемі 120×150 м.
Дереккөз: www.otrarmuseum.kz