Түркістан өңірі тұнып тұрған тарихи жәдігерлерге толы. Соның бірі — аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен Отырар қаласы.
Қазіргі Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан қала және ондағы тарихи жауһарлар жөнінде оқырмандарға мағлұматтар ұсынуды жөн көріп отырмыз.
I-VIII ғғ. (археол.). Көкмардан ауылынан оңтүстік-батыста, 4 км жерде, Арыс өзенінің сол жағалауында, Сырдарияға құяр тұсында орналасқан. Географиялық координаттары 42Т444836 UTM 4731387. 1969-70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы /К.А.Ақышев/ зерттеген. Пұшықмардан ерте ортағасырлық қаланың қалдығы. Цитаделі қирандының шығыс бөлігінде орналасқан. Ол көлемі 150х120 м, биіктігі 10 м, төртбұрышты төбе болып қалған. Шахристан цитаделге батыс жақтан жапсарласады. Ол дөңгелектеліп келген, диаметрі 150 м болатын төбе. Рабады шахристанға оңтүстігі мен батысынан таға тәрізді жапсарласады. Төбе айналдыра ені 15-20 м, тереңдігі кей жерлерде 2 м-ге жететін ормен қоршалған. Шахристан мен цитадельді рабадтан тағы бір ор бөліп тұр. Шахристан территориясына оңтүстік жағынан кіретін болған. Цитадель мен шахристанның мұнаралы қорғаны болса, рабад тек ормен қоршалған.
Дереккөз: www.otrarmuseum.kz