Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтустік-шығысқа қарай 1 шақырым қашықтықта орналасқан “Әулие Құмшық ата қылуеті “ XII ғ. тән ескерткіш болып табылады.Зерттеулер Құмшық ата мешітінде сопылардың уағыздары мен діни рәсімдері өтетін орын болғандығын растайды.
Құмшық ата мешіті — енсіз ұзын дәліздің бүйірінде орналасқан шахтасы бар жер асты 2-Камералы құрылыс.
Балшықтан күйдірілген кірпіштен, шаршы пішінді етіп салынған. Алыстан шаршы пішіндес бөлмежайдың жан — жағы шамамен 2 м және биіктігі 1,6 м, шатырлы күмбезбен жабылған. Тарихи деректерге сәйкес, бұл жерасты мешіті X-XII ғасырларда өмір сүрген Әулие Құмшық ата атымен байланысты. 1985 жылы нысанның жөндеу жұмыстары жүргізілді, ал 2013 жылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, ішкі бөлігі консервацияланып үсті топырақ үйіндісімен жабылды.
Қазіргі таңда Құмшық ата қылуеті мемлекет қарауына алынған Республикалық мәртебеге ие ескерткіш болып табылады.
Мұсылман әлемінің ортағасырлық мәдениетінің бірегей ескерткіштерінің арасында лайықты орын алатын осындай сирек кездесетін ғибадатхана ғимаратына қолданылған құрылыс техникасының жоғары мәдениетін ерекше атап өткен жөн.
© Түркістан Туризм Орталығы