Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ОТАНҒА КӨМЕК

ОТАНҒА КӨМЕК

ҰОС-ң отты жылдарындағы Қажымұқан бейнесі, оның өмірі және тірлігі, оның саналы да жеңіске толы өмірінің тағы бір тың, патриоттық, отансүйгіштік қырын көрсеткендей болды. Жасының егде тартып, жетпістен асып, қарттық шағы келіп жеткен палуанға соғыстың өте қатты әсері тиеді. Елінің, жұртының арқа сүйер азаматтарының бірі болған ол үйінде тыныш жата алмаған. Бұлайша құр уайыммен жатпай, әскерге алынып, соғыс майданына барып қолынан келгенінше жауға қарсы әрекеттер жасасам деген оймен сұраныс та қылады.

Бірақ қарт кісіні майданға алу жоқ. Онымен тағы қалғысы келмей, қамкөңіл жүрген ардагер ары-бері ойланып, Отанға қайтсемде пайдамды тигізем деумен болады. Осылайша ой туып, атқа арба жегіп, ауыл-елді аралап, күш өнерін сахналап, ел-жұртына цирк көрсетіп, одан түскен малды ақшаға айыр қылып, елдің қорғаныс қорына құяды.

Палуанның жеке қаржысына әскери ұшақ салынып, майданға жөнелтілетінін естігенде палуан, мүмкіндігінше әуе көлігінің қабырғасына қазақ даласынң батыры А.Имановтың есімі жазылуын және қазақтан шыққан ұшқыш тағайындалса деген үкілі үмітін өтініш қылады. Әрине өтініш орындалады. Қанатының астына Имановтың есімі жазылған әуе техникасы майданға жеткізіліп, қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаевқа салтанатты түрде антпен тапсырылады.

Қ.Шалабаев 1922 жылы туылған, семейдің тумасы, ұшқышы. Әкесі ерте қайтыс болып, анасының тәрбиесінде, 6-7 сыныптық мектеп білімінен кейін тұрмыс тауқыметімен Семейдегі тері илеу зауытында жұмыс істеп, кейін сол жерден ерте жасынан ұшқыштар дайындау мектебіне алынған қазақ баласы. Алғашында командирлерінен ауылдағы атаңнан сәлемдемеге саған су жаңа ұшақ келді дегенін естігенде жас ұшқыш сене қоймайды, себебі ауылда атам түгілі әкем жоққой деген екен ол кісі.

Кейін бәрін түсіндіріп берген командир ұшқышқа, артыңда Қажымұқандай атаң тұрғанда ешкімім жоқ деуші болма деп, арқасынан қағады ұшқыштың. Міне сол атасы жіберген ұшақпен соғыс аспанында 120 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшқан ұшақ, 70-80-інде жерге жеңіспен қонғанын жазып жіберген болатын ардагер ұшқыш алғаш музейге жазған естелік хаттарында.

 

 

Пікір жазу