Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

ҚАЗАНАМА

Қазақ мәдениеті ауыр қазаға ұшырады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі жерлесіміз, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Арыс қаласының құрметті азаматты, жыршы-термеші Қарсыбай Ақтаев өмірден өтті.
Қарсыбай Ақтаев 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы,Сарыарық ауылында дүниеге келген.
Дәстүрлі өнерді дәріптеп, шәкірт тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен. 1990 жылы алғаш рет балалар мен жасөспірімдер арасында «Қоңыраулы Қошақан» атты ән, би, терме байқауын ұйымдастырды. «Зерде» стипендиясының иегері, бірнеше марапаттардың иегері.
Марқұмның отбасына және туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Марқұмның қазасы қайырлы, жаны жәннатта болғай.
Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова
Арыс қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов
Арыс қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әсіл
Арыс қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Достанов
© Didarbek.kz

Пікір жазу