Қай заманда болмасын, мемлекеттің дамуы белгілі бір рухани немесе материалды өзгеріске итермелейді. Себебі, елдің ілгері жылжуында қажетті шешімдер, саяси, экономикалық және қауіпсіздік мәселелері осы жағдайды туындатады.
Бүгінде латын әліппесіне өту әлеуметтік желіде қызу талқыланып, тіпті үкімет назарына ұсынылған әліппенің әріптері дау туғызуда. Осы төңіректе тарихты қарайтын болсақ, латын әліппесінің әлем әліппесіне айналғанына көзіңіз жетеді. Латын әліпбиі б.з.б 7 ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, оның жазылу үлгісі қалыптасты. Солдан оңға қарай жазудың өзі адамзаттың санасына тез сіңіп, қолданысына оңай ене білді. Орта ғасырдың өзінде Еуропа, Африка, Америка, Азия халықтары латын әліппесін меңгеріп, медицина, технология, қауіпсіздік және білім салаларында түрлі ғылыми жаңалықтарға пайдаланып келеді. Бұл жағдай таңданыс туғызбайды десек те, қазаққа бұл әріптер де жат емес. Төте жазу мен қазақтың бастапқы әліппесін жасап шыққан А.Байтұрсыновтың үлгісінде латын әліппесіне көшуі қиындық туындатқан жоқ. Неге? Себебі, ол кезде қазақ зиялыларында латын әліппесі жайлы кең ұғым, терең түсінік болды.
Қарапайым алғанда, латын әліппесінің әріптерін елімізге алғашқы уақыттарда ұялы телефон мен компьютер келген және пернетақталарда қазақ тілі мен орыс тілінің әріптері болмаған тұста, бір-бірімізбен латын кириллицасында ақпарат алмасып, сөйлескен жайымыз бар.
Осындай жағдайлардан өтіп отырған уақытта, уақыт талабымен туындап отырған латын әліппесіне көшу мәселесіне түсіністікпен қараған дұрыс деп ойлаймын. Латын әліпбиін қолданыстарына енгізген қайсібір мемлекет болмасын, таралу айналымының кеңдігінен пайда көріп отыр. Әлемге ортақ болған латын әліпбиінің бүгінгі ахуалы, қолданыс аясы, ғылыми әлеуеті басқа әліпбилерге қарағанда өте жоғары. Сондықтан да, мұңдай заманауи прогрестен дамушы ел ретінде тыс қалуымыз жарамас-ты.