Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ДӘРІГЕР – МАМАНДЫҚТЫҢ АСЫЛЫ!

ДӘРІГЕР – МАМАНДЫҚТЫҢ АСЫЛЫ!

Адам өмірін ұзарту үшін барын салып, ажалдан арашалап алатын мамандық иелері – олар дәрігерлер! Адам жанының амандығы мен саулығына жауапты ақ халатты абзал жандардың біліктігін арттыру өте маңызды. Осы орайда, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №7 қалалық емханада 23-наурыз бен сәуірдің 1-і аралығында дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында тәжірибе алмасу шаралары өткізіледі.
Возможно, это изображение 4 человека, люди учатся, стол и текст
Бүгін Ресей Федерациясының Барнауыл қаласының Нейро-қан тамырлары орталығы №5 қалалық ауруханасының жоғары санатты дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты доцент Засорин Сергей Владимирович жергілікті дәрігерлерге шеберлік сағаттарын өткізді. «Қазақстандағы Ультрадыбыстық зерттеу мамандарының қауымдастығы» мен №7 емхана дәрігерлерімен бірлесе отырып, біліктілігін арттыруға арналған шеберлік сағаттарын өткізді. Шара барысында медицина мамандарына «Қан тамыр патологияларының УДЗ диагностикасы» тақырыбында теориялық және практикалық білім беріліп, заманауи диагностикалық әдістер таныстырылды.
Возможно, это изображение 10 человек, люди улыбаются и больница
№7 емхана бас дәрігері PhD доктор Жанабаев Нұрлан Смадиярұлы шеберлік сағаттарының жас мамандар үшін аса тиімді екенін атап өтті. Бұл шеберлік сағаттары медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырып, науқастарға көрсетілетін көмектің сапасын жақсартуға зор мүмкіндік береді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу