Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » РУХАНИ ҚАЛАДА «АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ» АТТЫ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

РУХАНИ ҚАЛАДА «АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ» АТТЫ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихтағы бірталай «ақтаң­дақтардың» беті ашылып, бүған дейін айтылмай келген, айтылса да мардымсыз сөз етілген көптеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің есімдері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бастады. Міне, сондай тұлғалардың бірі – Нәзір Төреқұлов.

Біз жаңа мыңжылдыққа қадам бастық, алайда, біздің бүгінгіміз бен болашағымыздың тамыры тарих еншісіне енген ХХ ғасырда қалды. Бүгінгі таңда ерлік пен қайғылы оқиғаларға, қарама-қайшылықтарға толы кеңестік кезеңдегі ел тарихы қайтадан ой елегінен өткізілуде. Уақыт ерте ме, кеш пе бәрін өз орнына қояды, десек те біз қазірдің өзінде өз мемлекетінің мүдделері үшін күрестің ең күрделі және жауапты учаскелерінде Отанына жан-тәнімен қызмет еткен нағыз қаһармандарымыздың ізгі есімдерін ұрпақтарымыздың жадына сіңіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз.

Нәзір Төреқұлов – өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарқырап шыққан жас қазақ қайраткерлерінің шоғырындағы ең ірі тұлғаларының бірі.

Түркістан қаласы №6 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен  Нәзір  Төреқұловтың  туғанына  130  жыл  толуына  орай «Алаштың  ардақтысы» атты  тарихи  кеші болып өтті.  Тарихи  кештің  мақсаты  оқырмандарға  қазақ  елінің  тұңғыш  дипломаты  Нәзір  Төреқұлов  жайлы  жан-жақты  түсінік  қалыптастыру, мемлекетке  және  халқына  сіңірген  еңбегін, ерлігін  қажырлы  жүргізген  саясатын  үлгі  тұта  отырып, халқымыздың  құндылықтарын  бойына  сіңіру. Тарихи  сағатқа  кітапхананың  тұрақты  оқырмандары  және  мектеп  мұғалімдері  қатысты.

Іс  шара  соңыңда  «тұңғыш  дипломат»атты  кітап  көрмесімен  танысты. Мақсаты қазақтан  шыққан  тұңғыш  дипломат, мемлекет  қайраткері  Нәзір  Төреқұловтың  өмірі  мен  халқына  жасаған  ерең  еңбектерін  айту, саяси  әдебиеттерді  оқырмандарға  насихаттау.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихтағы бірталай «ақтаң­дақтардың» беті ашылып, бүған дейін айтылмай келген, айтылса да мардымсыз сөз етілген көптеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің есімдері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бастады. Міне, сондай тұлғалардың бірі – Нәзір Төреқұлов.

Пікір жазу