Түлкібас ауданы Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектебінің акт залында Қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушы, қалың қазақ жұртының арқа сүйер ардагері, қайсар тұлға Шерхан Мұртазаның туғанына 91 жыл толуына орай мәдени іс шара болып өтті.
Іс шараны ұйымдастырған кітапхана меңгерушісі Ғазиза Ибраимова Шерхан Мұртаза атамыздың өміржолынан, шығармашылығынан, халыққа жасаған еңбегінен, қанатты сөздерінен сұрақ жауап айдарын ұйымдастырды.Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға мектеп директоры Шәкір Айнақұловтың демеушілігімен сый сиапаттар жасалды. Шараның мақсаты — оқушыларды кітап оқуға ынталандыру. Жас ұрпаққа қоғам қайраткері, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау.
Оқушылардың бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Іс-шараға мектеп оқушылары мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Ракишев, Н.Бибеков және мектеп мұғалімдері қатысты.
Оқушылар жазушы жайлы арнау өлеңдер мен нақыл сөздерін және «Бір кем дүние» филсофиялық шығармаларынан үзінділер оқыды. Жазушының шығармаларын жатқа оқып, өз ойларын білдірді.