Түркістан облысының білім басқармасының Түлкібас ауданының білім бөлімінің “Балалар өнер мектебі” домбыра сыныбының оқытушысы Айтөреев Кенжебек Лесұлы «ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР » ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында айтыс өнерін насихаттау мақсатында “Қасиетті домалақ ана” атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағаты Макаренко жалпы орта мектебінің акт залында Балалар өнер мектебі мен Макаренко жалпы орта мектебінің оқушыларымен бірге ақын Нышан Төлегеновпен кездесу өткізді. Кездесу барысында, ақын Нышан Төлегенов жазған өлеңдерінен өлең шумақтарын оқыды. Ақынмен әңгімелесу және сұхбат жүргізілді.
Нышан Төлегенов 14.09.1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бұрынғы Алғабас, қазіргі Бәйдібек ауданында туылып өскен.
1965-1970 жылдары «Бірлік» 8 жылдық мектебінде, 1970-1975 жылдары Шымкенттегі №7-ші Кеңес Одағының батыры Қарсыбай Сыпатаев атындағы орта мектебін оқып бітірген.
1976 – 1981 жылдары түрлі салаларда жұмыс істеді.
1982 – 1995 жж. Алғабас аудандық, 1995 – 2003 жж. Төлеби аудандық мәдениет бөлімдерінде автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2003 жылдан бері Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда қызмет істеп келеді.
Халық әндерін, жыр-терме, дастандарын, халық және қазақ композиторлары әндерімен қатар өз әндерін орындаушы.
«Алғабасым», «Бәйдібек баба», «Домалақ ана», «Қос ана», «Төле баба», «Арыстанбаб», «Ойсыл Сіргелі», «Қазығұртым», «Түркістан», «Шымқала» тағы басқа әндердің авторы.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың алдында 2 рет, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында 1993 – 2000 жылдар аралығында 7 рет ән шырқап үлкен алғыс, марапаттарын алды. Ақынның өнер жолында жасаған еңбектері мен жетістіктері өте көп. Ашық тәрбие сағатына жалпы 78 оқушы қатысты.