Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » МӘУЛІТ АЙЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

МӘУЛІТ АЙЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

Түлкібас ауданының жұртшылығы Пайғамбарымыз Мухаммед (с.ғ.с) туылған айы болып саналатын Мәуліт айын жоғары деңгейде атап өтті. Жиынның алғы сөзін орталық мешіттің бас имамы Мағаз Серікұлы алып, Мәуліт айының артықшылығын түсіндірді. Келген барша көрермендерге салауат жазылған парақша таратып, бірге Пайғамбарымыз (с.ғ.с) атына салауаттар жаудырды.
Түлкібастың төріне келген «Өнер қырандары» театры сахнаға шығып, халықпен сәлемдесіп, барша мұсылмандарды мерекемен құттықтады. Мәнді әрі мағыналы, терең ойлы қойылымдарын қойып, азаматтарды ізгілікке шақырды.
Аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов сөз алып, театрдың басшысы Мадияр Серікбаевқа арнайы аудан әкімінің Алғыс хатын тарту етті.

Пікір жазу