Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2019 » Октябрь (страница 8)

Месячные архивы: Октябрь 2019

«КІТАП ОҚЫП, РУХАНИ БАЙ БОЛ!» БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Шымкент қаласында 15 қазаннан бастап «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы жарияланды. Кітап оқушылар сайысын «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы ұйымдастыруда. Жоба қатысушылардың танымын кеңейтіп, өресін биіктету мақсатында өткізгелі отыр. Үміткерлер екі кезең бойынша бақ сынайды. І кезеңде қатысушылар әдеби шығармадан үзіндіні мәнерлеп оқуы қажет. Оны Facebook және Instagram әлеуметтік желісінде эстафета форматында жолдайды. Сондай-ақ эстафетаны Шымкент ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «ЖОЛДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТЕДІ

Республикалық акция Шымкент қаласы бойынша 18-19 қазан күндері сағат 09:00 мен 19:00 аралығында қалалық полиция департаментінің фронт-кеңселерінде және стационарлық полиция бекеттерінде өтеді. Қабылдауда әкімшілік полиция басқармасы, көші-қон қызметі, жол-техникалық инспекциясы, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімі, криминалдық полиция басқармасы және басқа да бөлімдердің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарының сұрақтарына жауап береді. «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтетін орындар: 1) Шымкент ...

Толығырақ »

«Коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің психологтары Жергілікті полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне «Коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Тренингтің мақсаты: қарым-қатынас орнатуда, адамдардың мінез — құлқын болжауда полицейдің мүмкіндіктерін анықтайтын коммуникативтік шеберлікті, сөйлеу дағдыларын, білім мен қабілеттілікті дамыту болып табылады, өйткені әңгімелесушінің жағдайын дұрыс түсінбестен ...

Толығырақ »

Шымкент полицейлері 4 күнде 744 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады

Шымкент полицейлері 4 күнде 744 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 10-17 қазан аралығында «Автобус» республикалық жедел — профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Аталған іс-шараның 4 күнінің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 744 тәртіп бұзушылықты анықтады. Оның 35 – ...

Толығырақ »

Шымкенттік полицейлер 6 күнде қоршаған ортаны ластаған 31 қоғамдық көлік жүргізушілерін жауапқа тартты

Шымкенттік полицейлер 6 күнде қоршаған ортаны ластаған 31 қоғамдық көлік жүргізушілерін жауапқа тартты. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 10-17 қазан аралығында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Аталған іс-шараның 6 күнінің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 1105 тәртіп бұзушылықты анықтады. Олар: • ...

Толығырақ »

ӘСКЕРГЕ БАРУ-АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМ!

«Ел тірегі -2019» республикалық науқаны аясында Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі депаратменті жас сарбаздардың кезекті легін әскерге шығарып салды. Шымкент қаласы бойынша сайдың тасындай іріктеліп алынған 15 сарбаз Ақмола Өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Мамандардың зерделеуі мен медициналық және психологиялық тексерістерден мүдірмей өткен жас жігіттер сұхбаттасу үшін мандаттық комиссияның алдына кіргізілді. Шымкент қаласы әкімдігі, қалалық қорғаныс ...

Толығырақ »

Пікірсайыс алаңы өз мәресіне жетті

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін қандай шаралар атқарылуы қажет?» тақырыбында жоғары оқу орындарының студенттері арасында пікірсайыс байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың қорытындысы бойынша көп ұпай жинаған 3 команда әділ қазылар алқасының бағалауымен жеңімпаздар атанды. Олар: 1-ОРЫН: «ШАХАН ШЕРІ» ...

Толығырақ »

Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін қандай шаралар атқарылуы қажет?

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қолдауымын, сондай-ақ «NAR TV» телеарнасының ақпараттық қолдуымен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру қызметін ұйымдастыруға арналған іс-шараларды өткізу» жобасы аясында ...

Толығырақ »

Шымкентте кәсіпкер атанғысы келетін жастарға 505 мың теңге беріледі

Шымкент жастарының назарына! Шымкентте кәсіпкер атанғысы келетін жастарға 505 мың теңге беріледі. Яғни, Шымкент қаласында кәсіпкер атанғысы келетін жастарға мемлекеттік гранттар беріледі, деп хабарлайды ernur.kz порталына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Атап айтсақ, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға» арналған мемлекеттік гранттар жастардың жеке кәсіпкер атануына мүмкіндік ...

Толығырақ »