Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Пікірсайыс алаңы өз мәресіне жетті

Пікірсайыс алаңы өз мәресіне жетті

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін қандай шаралар атқарылуы қажет?» тақырыбында жоғары оқу орындарының студенттері арасында пікірсайыс байқауы өз мәресіне жетті.
Байқаудың қорытындысы бойынша көп ұпай жинаған 3 команда әділ қазылар алқасының бағалауымен жеңімпаздар атанды. Олар:
1-ОРЫН:
«ШАХАН ШЕРІ» командасы (SILKWAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, команда мүшелері — АРҒЫНБАЙ Рахат Ердәулетұлы, ЕСЕНТАЙ Индира Жарқынбекқызы);

2-ОРЫН:
«БОЛАШАҚ» командасы (ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, команда мүшелері — БЕЙБІТ Аян Мейірханұлы, АПТЫҚАЙ Аян Бақытжанұлы);
3-ОРЫН:
«АЛАҢ» командасы (АКАДЕМИК
Ә. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ, команда мүшелері — ӘЛІБЕК Бексейіт, ӘБДІХАЛЫҚ Орынбасар).

Жеңімпаздарды марапараттау рәсімі 9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа карсы күрес күні қарсаныңда 2019 жылғы желтоқсан айының 1-онкүндігінде өтетін ауқымды қалалық форумда салтанатты түрде өткізіледі.
Барлық қатысушы командаларға сәттілік тілейміз.

 

Пікір жазу