Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте кәсіпкер атанғысы келетін жастарға 505 мың теңге беріледі

Шымкентте кәсіпкер атанғысы келетін жастарға 505 мың теңге беріледі

Шымкент жастарының назарына!

Шымкентте кәсіпкер атанғысы келетін жастарға 505 мың теңге беріледі. Яғни, Шымкент қаласында кәсіпкер атанғысы келетін жастарға мемлекеттік гранттар беріледі, деп хабарлайды ernur.kz порталына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Атап айтсақ, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға» арналған мемлекеттік гранттар жастардың жеке кәсіпкер атануына мүмкіндік сыйлап отыр. «Атамекен» ҰКП-де оқу арқылы иеленуге болатын гранттың көлемі – 505 000 теңгені құрайды. Ал, аталған жобаға қатысушы жастарды тіркеу 2019 жылдың 1-4 қараша аралығында Халықты жұмыспен қамту орталығында жүргізіледі. Айта кетейік, бұл жобаға жасы 29 жасқа дейінгі жастар және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатыса алады.

Өз кәсібін бастаймын деуші жас шымкенттіктерге деген үлкен мүмкіндік. Қапы қалмаңыздар!

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт ш/а., Бәйтереков көшесі 89. Байланыс телефоны: +77479726899.

Пікір жазу