Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2022 (страница 60)

Годовые архивы: 2022

АШЫҚ АЛАҢДА АШЫҚ СҰҚБАТ

Жастардың бүгінгі мәселесінің оң шешімі жарқын болашақтың кепілі екендігі белгілі. Заман талабына сай өзгеріп отыратын бұл мәселелер ауқымды талдау мен жүйелі шешім жолдарын қажет етеді. Ал, мәселенің мәнін дұрыс анықтау, жастармен жүйелі кездесулер мен диалогтар арқылы мүмкін екені анық. Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімі және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің кезекті отырысы Еңбекші ауданының жастарымен өтті. Бұл кездесу ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛМАУЫ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Бүгін қала әкімінің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның ықтимал толқынына дайындық бойынша штаб отырысы өтті. Онда ковидке қарсы дайындық жұмыстары пысықталды. Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қаладағы эпидахуалды қатаң бақылауға алудың және карантинге қайта кірмес үшін азаматтардың жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. Коронавирустың ықтимал толқынының алдын алу мақсатында қала тұрғындары арасында ревакцинациялау және қоғамдық орындарда сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын көптеп жүргізуді, мобильді ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «2-10-20», «5-10-20» БАҒЫТТАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ 500 АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛЕДІ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева Ақпараттық-коммуникациялық оталығында өткен баспасөз брифингінде айтты. Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін ...

Толығырақ »

ТҰҢҒЫШ ГРОССМЕЙСТЕР ГҮЛІСХАН НАХБАЕВА ТУРИСТІК САЛА ӨКІЛДЕРІМЕН БІРСЕАНСТЫҚ ОЙЫН ӨТКІЗДІ

20 шілде – Халықаралық шахмат күні. Шымкентте атаулы күнге орай Visit Shymkent орталығы туристік индустрия өкілдерінің басын қосып шахматтан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер Гүлісхан Нахбаевамен бірсеанстық шахмат ойнау шарасын Rixos Khadisha Shymkent-те ұйымдастырды. «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру және дамыту мақсатында ұйымдастырылған интеллектуалдық сайысқа 12 адам қатысты.Олардың арасында спорт шеберлігіне үміткерлер де, ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛУДА

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес, бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар кәсіпкерлермен кездесті. Онда қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту жайы сөз болды. М.Әйтенов әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру, өнім көлемін арттыру, егістік жерлерді ұлғайту, өнім сақтайтын қоймалар санын арттыру мақсатында инвесторларды бірге жұмыс жасауға шақырды. Шымкентте бүгінде 14 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 103-КЕ ЖЕТТІ

Шымкентте соңғы он күндікте коронавирусты инфекциямен науқастану көрсеткіші артып отыр. Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде COVID-19 инфекциясымен 103 жағдай тіркелді. Ауырғандардың көбі – ересектер. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 25 жағдай анықталған. Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлайды. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда COVID-19 жағдайы 3,4 есе жоғары тіркелді. Аурушаңдықтың тіркелуі жазғы кезеңде шетелге демалысқа барып келу, шетел азаматтарының ...

Толығырақ »

КЕНТАУДА ІШКІ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

Кентау қаласына қарасты Қотырбұлақ елді мекенінде «Байсал Керім» демалыс орнында Кентау қаласының ішкі туризм саласын дамыту бойынша көшпелі семинар өткізілді. Семинарда Кентау қаласының туризм бағытын дамыту бойынша жан-жақты ақпараттар берілді. Алғы сөзді қала әкімі Рашид Аюпов бастап ашып берді. Қала басшысы Кентау туризмді дамытуға потенциалы мол өңір екенін атап өтті. «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры А.Ниязов қорықтың туристік бағыттағы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУҒА ШЫҚТЫ

Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері ұдайы спортпен шұғылданып, салауатты өмірді ұстанады. «Түркістан Арена» стадионында Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департементі қызметкерлері мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері таңғы жаттығуын өткізді. Жаттығу соңы жолдастық футбол ойынымен жалғасып, екі команда өзара тартысты ойын өткізді. Тартысқа толы өткен матч 3:3 есебімен тең аяқталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы жыл басынан бері түркістан облысының кәсіпкерлері 274 жобаға 9,6 млрд теңге көлемінде несие алды. Өңір кәсіпкерлеріне көрсетіліп жатқан қолдау көп. Соған қол жеткізу жолдарын түсіндіру үшін облыстың қала, аудандарында семинар-кеңестер өткізілуде. Бұл туралы халықпен кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берген болатын. Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы, яғни жеңілдетілген несие беру ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА ДЕЙІН АВТОБУСТАРДЫ КОНДУКТОРСЫЗ ЖҮЙЕГЕ ӨТКІЗУГЕ ТИІСПІЗ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов арнайы БАҚ өкілдеріне берген баспасөз брифингте айтты. Брифинг барысында Ержан Жақсылықұлы басқармасының жарты жылда атқарылған жұмыстарын қортындылады. Спикердің сөзінше, қалада 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікте маршруттарға 843 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға ...

Толығырақ »

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮЗГЕ ДЕЙІН ТОЛЫҚ АЯҚТАЛАДЫ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов арнайы БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингін берді. Брифинг барысында жарты жылда атқарылған жұмыстарын қортындылаған басқарма басшысы қаладағы жол құрылысы, жол қауіпсіздігі және аялдамалар орнату жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті. «2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша, бүгінгі таңда ұзындығы 155 шақырым болатын 80 нысанда жұмыстар аяқталды, қалған 72 нысанды ағымдағы ...

Толығырақ »

БИЫЛ 190 НЫСАНДА ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Биыл жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарланған. Оның ішінде:екі нысан жолайрықтың құрылысы (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би-Арғынбекова көшелері) 13 нысанда жаңа жолдардың құрылысы (Қонаев 1, 2, 3, 5, 6 кезеңдері, Оңтүстік,Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесінің 1,2 кезеңі жол құрылыс жұмыстары), 5 нысанда қайта құру жұмыстары (А-2 2,4,7,8 кезеңдер, Адырбеков көшесі), 3 нысанда күрделі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АЛҒАШ РЕТ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Жаңа форматтағы кітапханалар. Жаңашыл кітапханашылар» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті. Алғаш рет өткен шараны Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. Алдымен қатысушы кітапханашылар «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорық музейіне барды. Содан соң ашық аспан астында Жабағылы ауылдық кітапханасының жұмысымен танысты. Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова модераторлық еткен жиында жалпы Түркістан облысындағы кітапханалар туралы, сонымен қатар ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНҒА «ЕУРОПА-АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ ШЕРУІ КЕЛДІ

Бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан шаһарына «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі ат басын бұрды. Үш елдің, яғни Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің 16 қаласын аралауға ниетті жандар көне шаһардың көрікті жерлерін аралап, өлкеміздің тарихымен танысты. Алдымен түрлі этнос өкілдерінен жиналған 30-ға жуық марш қатысушысы Түркістандағы Қ. А. Ясауи маңындағы саябақта көк туды көкте желбіретіп, салтанатты түрде жүріп өтті. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МҰҒАЛІМ ТАПШЫ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРДІ ТАРТУ БОЙЫНША АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМА ЖАЛҒАСУДА

Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Онда мұғалімдерді қолдауға бағытталған шаралар кешені қарастырылған. Бұл туралы Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Анафия Арыстанбайқызы мәлімдеді. Оның айтуынша, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері, оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығынын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ 92,2 ПАЙЫЗЫНА АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗІЛГЕН

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті биыл жыл басынан 366 білім беру ұйымының 181-іне аттестаттау жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 106 балабақша, 73 мектеп, 2 колледж бар. Нәтижесінде 14 білім беру ұйымы аттестатталып, талаптарға сәйкес келмегені — 167. Бұл көрсеткіш мемлекеттік аттестаттау жүргізілген білім беру ұйымының 92,2% құрайды. Бұл туралы департамент басшысы Ғалымжан Алматов мәлімдеді. «Жыл басынан бері электрондық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістанда 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс сапасы қатаң бақылауда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарында болды. Тұрғын үй кешені мен әкімшілік ғимараттар бірге орналасқан 20 қабатты екі тұрғын үй құрылысының жұмыс барысымен танысты. Каскадты өру үлгісінде салынған көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды. Құрылысшылармен кездескен облыс басшысы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТҮРЛЕНЕ ТҮСПЕК

Түркістан қаласында заманауи үлгідегі спорт нысандары салынып жатыр. Олардың құрылысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту бағытында облыс басшысының бастамасымен бірнеше жаңа спорт орталықтары бой көтерген. Спорт саласына үлкен көңіл бөлетін облыс әкімі қаладағы жаңа спорт нысандардың құрылыс алаңдарын аралады. Жауапты сала басшыларымен кездесіп, жұмыстың сапасына баса назар аударуды тапсырды. Түркістанда салынып жатқан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫ ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ ЕТУ ҰСЫНЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев 2023 жылы Түркістан қаласы түркітілдес елдердің туристік астанасы болуы мүмкін екенін айтты. «Түркістан — еліміздегі туристік қарқыны жоғары өңірлердің бірі. Қаланың инфрақұрылымы жыл санап дамып келе жатыр. Түркістанға көліктің барлық түрі барады. Бүгінде бұл қалада республикалық және халықаралық айтулы іс-шаралар өтіп жатыр. Әзербайжанда өткен түркітілдес елдердің туризмге жауапты министрлерінің кездесуінде Қазақстан 2023 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЛАДА 16 ЕГІЗ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

28 жастағы Қымбат Сарыбайқызы, Раяна, Рәзия және Рәбия есімді үшемді дүниеге әкеліп,алты баланың анасы атанды. Бүгін анасының және сәбилердің жағдайы жақсарып, облыстық перинаталды орталықтан шығарылды. — Қазір үш қыздың жағдайы бір қалыпты. Алдағы уақытта да жағдайларын қадағалап, тұрақты түрде бақылап отыратын боламыз- деді перинаталды орталықтың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы. «Керемет сезім, ештеңе айта алмаймын, қатты қобалжып жүрмін. Бүкіл перзентханаға үлкен ...

Толығырақ »

ҒАЛАМ АҚЫНЫ МҰХТАР ШАХАНОВ ЖЫРСҮЙЕР ҚАУЫММЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов Шымкенттегі А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде оқырмандармен жүздесті. Ақынның 80 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде ТҮРКСОЙ ұйымы аясында қолға алынып, өткізілуде. Түркиядан басталған той дүбірі қаламгердің туған топырағы Отырар ауданында дүркіреді. Осыдан кейін той керуені Шымкент шаһарына келіп жеткен. Керуен құрамында ақынның жары Ханшайым Шаханова, Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса, А.Қуатбеков атындағы Халықтар ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН СУДЬЯЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков сот ұжымына ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 956 Жарлығымен жаңадан тағайындалған Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бәйдібек Дүйсебеков және қалалық соттың судьялары Ерлан Сералиев пен Мәлік Жарқынбековті таныстырды. Жиынға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысты. Сонымен қатар, сот төрағасы жиын барысында Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еуропа қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Харгитай Жужаннамен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу шеңберінде Шымкент қаласын дамыту, Қазақстанның «Жасыл қалалар» бағдарламасын енгізу және дамыту арқылы 2060 жылға қарай Париж келісімінің мақсаттарына және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі, ЕҚДБ-ның Қазақстандағы энергетика, көлік және коммуналдық инфрақұрылым және жасыл экономика ...

Толығырақ »

БАЛАЛАРДЫҢ СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУІ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

«Балалар жылына орай жаңа туған сәбиден 17 жасар жасөспірімдерге дейін қамтитын скринингтік тексерудің ауқымы кеңейді. Биыл Шымкент қалалық №6 емханасында 28 161 баланы скринингтен өткізу жоспарланған болатын. Жарты жылдық қорытындыға сәйкес, скринингтен өткендердің саны 16 946-ға жетіп отыр. Яғни, 60 пайыздан астамы тексеруден өтіп, оның 4224-і денсаулығынан анықталған дертіне байланысты «Д» есепке алынды». Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігері Айгүл ...

Толығырақ »

БОЛЕЕ 18 ТЫСЯЧ ШЫМКЕНТЦЕВ ОФОРМИЛИ СОЦПОСОБИЯ ПРОАКТИВНЫМ СПОСОБОМ ЧЕРЕЗ SMS

Получение госуслуг проактивным способом в Казахстане становится все более популярным. 7424 мамы в Шымкенте уже оформили пособия по рождению ребенка и по уходу за ним в проактивном формате. Пособия для многодетных семей оформили более 1000 женщин. 700 жительниц города оформили пособия как многодетные матери, награжденные подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа». Всего с начала года с помощью SMS шымкентцы подали ...

Толығырақ »