Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АШЫҚ АЛАҢДА АШЫҚ СҰҚБАТ

АШЫҚ АЛАҢДА АШЫҚ СҰҚБАТ

Жастардың бүгінгі мәселесінің оң шешімі жарқын болашақтың кепілі екендігі белгілі.
Заман талабына сай өзгеріп отыратын бұл мәселелер ауқымды талдау мен жүйелі шешім жолдарын қажет етеді. Ал, мәселенің мәнін дұрыс анықтау, жастармен жүйелі кездесулер мен диалогтар арқылы мүмкін екені анық.
Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімі және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің кезекті отырысы Еңбекші ауданының жастарымен өтті. Бұл кездесу әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің ұйымдастыруымен ашық алаңда еркін форматта өтті. Кездесу барысында Еңбекші ауданында жастар саясатын жүзеге асыру жайы баяндалды.
Қала әкімі жастар арасындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар өз белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлерін білдірді.
М.Әйтенов мегаполистің дамуында жастардың үлесі, жауапкершілігі мен белсенділігінің аса маңыздылығын алға тартты. Олардың болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, талантты жастарға жағдай жасап, барлық оң бастамаларды қолдауға дайын екендігін жеткізді.
Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлері айтылды.
• Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру;
• «Ерікті жастардың біліктіліктерін арттыруға арналған жобалардың санын көбейту.
• Жас режиссерларды қолдауға арналған фестивальдармен іс-шаралардың санын арттыру сынды ұсыныстар ұсынылды.
Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, қаламызды дамуына, көркейуіне жастардың ерекше қолдауы және жауакершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Пікір жазу