Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 03.08.2025

ТҮРКІСТАННАН ШЫҚҚАН КЕРУЕН АБАЙ ОБЛЫСЫНА ЖЕТТІ

2025 жылдың 2-3 тамыз күндері Абай облысы, Семей қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады. Іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай оңтүстіктен тарту ретінде ұйымдастырылып отыр. Жәрмеңкеге 540 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, тұтынушыларға арзан бағада ұсынылады. Абай облысының тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге белсене қатысуға шақырамыз! ...

Толығырақ »

‪Абай облысының әкімі Семейдегі жәрмеңкемен танысты

Түркістан облысының Абай еліне тартуы ретінде Семей қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Облыс әкімі Берік Уәли жәрмеңкенің жұмысымен арнайы барып танысып, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Оның айтуынша, ең бастысы – тұрғындардың көңіл-күйі көтеріңкі, өнімдерге деген сұраныс жоғары. #AbaiAqparat © abaiaqparatkz

Толығырақ »

Семейге Түркістан облысынан 540 тоннадан астам өнім жеткізілді

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар легі жалғасуда. Бүгін онкүндіктің екінші күнінде Семей қаласындағы «Арена» мәдени-спорттық кешені аумағында Түркістан облысының мәдени күндері басталды. Екі күнге созылатын бұл іс-шара қос облыс арасындағы ынтымақтастық негізінде оңтүстік өңірден тойға тарту ретінде ұйымдастырылып отыр. Мәдени күндер аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды. Түркістан өңірінің табиғи әрі сапалы өнімдері нарықтағыдан төмен бағамен ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТЕГІ АҒАЙЫНДАРҒА МЫҢ ДА БІР АЛҒЫС!

#АБАЙ180ЖЫЛ. ОҢТҮСТІКТЕГІ АҒАЙЫНДАРҒА МЫҢ ДА БІР АЛҒЫС! ЖАСА, ҚАЗАҒЫМ!!! Қаладағы «Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешенінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай оңтүстік халқының тартуы — Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бардық. Түркістандық ағайындар өз өнімдерін алып келіпті. Халық көп. Сауда қызып жатыр. Өнім демекші, оңтүстікте өсетін қауынның түр-түрі, қарбыз, жидектерді ел кезекте тұрып, таласа сатып алып жатты. Бағасы біздің базар ...

Толығырақ »

Семейде Түркістан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

2025 жылғы 2–3 тамыз күндері Семей қаласында Түркістан облысының мәдени күндері аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымды жәрмеңкесі өтеді. Шара таңғы сағат 09:00-де «Арена» мәдени-спорттық кешенінің аумағында басталып, екі күн бойы жалғасын таппақ. Жәрмеңкенің басты мақсаты — Түркістан өңірінің табиғи әрі сапалы өнімдерін семейліктер мен қала қонақтарына нарықтан төмен бағамен ұсыну болды. Түркістан облысынан 540 тоннадан астам өнім жеткізілді. Оның ...

Толығырақ »

Абай облысына Түркістан облысынан 40-қа жуық өнім түрлері жеткізілді

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар легі жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Бүгін онкүндіктің екінші күнінде Семей қаласындағы «Арена» мәдени-спорттық кешені аумағында Түркістан облысының мәдени күндері басталды. Екі күнге созылатын бұл іс-шара қос облыс арасындағы ынтымақтастық негізінде оңтүстік өңірден тойға тарту ретінде ұйымдастырылып отыр. Мәдени күндер аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды. Түркістан өңірінің табиғи әрі ...

Толығырақ »