2025 жылдың 2-3 тамыз күндері Абай облысы, Семей қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады. Іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай оңтүстіктен тарту ретінде ұйымдастырылып отыр.
Жәрмеңкеге 540 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, тұтынушыларға арзан бағада ұсынылады.
Абай облысының тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге белсене қатысуға шақырамыз!
09:00-18:00
Семей қаласы | «Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешені