Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ОҢТҮСТІКТЕГІ АҒАЙЫНДАРҒА МЫҢ ДА БІР АЛҒЫС!

ОҢТҮСТІКТЕГІ АҒАЙЫНДАРҒА МЫҢ ДА БІР АЛҒЫС!

ОҢТҮСТІКТЕГІ АҒАЙЫНДАРҒА МЫҢ ДА БІР АЛҒЫС!
ЖАСА, ҚАЗАҒЫМ!!!❤️
Қаладағы «Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешенінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай оңтүстік халқының тартуы — Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Возможно, это изображение 2 человека, облако и улица
Бардық. Түркістандық ағайындар өз өнімдерін алып келіпті. Халық көп. Сауда қызып жатыр. Өнім демекші, оңтүстікте өсетін қауынның түр-түрі, қарбыз, жидектерді ел кезекте тұрып, таласа сатып алып жатты. Бағасы біздің базар құнынан төмен. Сапалы, алыс жолдан жақсы сақталып жеткен екен. Балық, ет өнімдері де сатылып жатты. Қолөнер бұйымдарына да сұраныс көп. Жәрмеңкені аралап, концертті қызықтап, қауын-қарбыз, жеміс-жидектерді қуана-қуана сатып алып, түркістандық ағайындарымызға алғысымызды білдіріп, қайттық.
Возможно, это изображение 1 человек, полумягкий дирижабль, толпа и облако
Түркістан облысынан келген өнерпаздардың тамаша концерті жәрмеңкеге келген барша абайлықтардың көңілін көтеріп, жәрмеңке аумағын дуылдатып-ақ жіберді. Халық көңілді. Ауа-райы да жақсы. Қоңыр салқын.

Пікір жазу