Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » ҚҰТТЫ МЕКЕН — ШҰБАЙҚЫЗЫЛ ШОҚЫСЫ

ҚҰТТЫ МЕКЕН — ШҰБАЙҚЫЗЫЛ ШОҚЫСЫ

Сәуірдің соңы мен мамырдың басында Шұбайқызылға аңсары ауып тұратын жұрттың қатары қалыңдайды. Жыл сайын ерекше түрге бөленетін Шұбайқызыл шоқысы теңдесі жоқ Алатау мен Қаратаудың қауышқан жерінде орналасқан. Осы арада айта кетелік, ғасыр бойы «Красная горка», кейіннен «Қызыл төбешік» деп аталып келген жерге қаламгер Мархабат Байғұттың бастамасымен «Шұбайқызыл шоқысы» атауы қайта берілген болатын. 1977 жылдан бері бұл жер мемлекеттің қарауындағы аймақ болып саналады. Жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар 15-20 гектардай алқапты қызыл кілемге орап қойғандай көрінеді.
Жыл сайын осы жерде қазақ даласының жауһары, гүлдің патшасы саналатын қызғалдақты дәріптеуге арналған іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай игі шара “Қызғалдақтың отаны – Қазақстан” экологиялық танымдық атты жиын өтті. Өңірлік “Аманат” партиясының өкілдері, колледж студенттері, мектеп оқушылары сондай-ақ Сайрам Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты оқушыларға, студенттерге, табиғат аялауға шақыру, қорғау болды. Шара барысында оқушылар Шұбайқызыл шоқысына жыр арнап, табиғат аясында сурет салды. Мамыр айының соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар үлестірілетін болды.
«Бүгінде тәртіп сақшылары мен орман шаруашылығының мамандары алқапта өсіп тұрған қызғалдақтарды қорғау жұмыстарын атқаруда. Әсіресе, қызықтауға келген азаматтарға қызғалдақты жұлуға болмайтынын түсіндіруде.Суретшілеріміз шабыт алса, жастарымыз қызғалдақты қалай қастерлеп, оны қорғауды үйренеді. Өсімдік болсын, жануар болсын келешек ұрпаққа сақтау. Ұлттық парк қызметкерлері сонау жұмыстарды атқарып келеді» — деді Сайрам Өгем Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Бақыт Тоқтасынұлы.
Соң­ғы жылдары оңтүстіктің әсем табиғатын тамашалауға ке­летін шетелдіктердің қатары да арта түскен. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірге 270 мыңнан аса турист келген. Олар тұмса та­биғаттан бөлек, тарихи, ар­хи­тектуралық және архео­логия­лық ескерткіштерге ерек­ше қызығушылық танытқан. Сондай азаматтардың бірі Ұлыбритания елінен келген турист. Ол арнайы осы қызыл алқапты көзімен көруге келген екен.
“Сіздердің жолдарыңыз болған екен. Осындай көз тартар табиғи қызғалдақтар жайнап тұр. Керемет сұлулықты бірінші рет көруім. Мұндай әдемілікпен туристерді көптеп тартуға болады. Және көздің қарашығындай сақтау керек,” — дейді турист Ed Saunt.

Пікір жазу