Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2022 (страница 8)

Годовые архивы: 2022

ТҮРКІСТАН: «БІРЛІК» СЕКТОРЫ ТҰРҒЫНДАРЫН ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

Алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындармен кезекті кездесуін «Бірлік» секторында жалғастырды. Жыл басынан бері бұл секторда 3 рет кездесу өтіп, 93 мәселе көтерілген болатын. Оның: — 46 — орындалды (12 инфрақұрылым, 25 жол мәселесі, 4 қоғамдық көлік, 3 электр жарығы және 2 әлеуметтік сала); — 9 мәселе бойынша жұмыстар жоспарлы жүргізілуде; — 14 мәселенің заңдылығы ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АҚБҰЛАҚТА «АУЫЛ – ЕЛ ТІРЕГІ» ЖОБА АЯСЫНДА ОНКҮНДІК ІС-ШАРА БАСТАЛДЫ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің бастамасымен Ақбұлақ ауылдық округінде ағымдағы жылдың 21-26 қараша аралығында «Ауыл — ел тірегі» жобасы аясында онкүндіктің кезекті іс-шарасы өтетін болады, Ауылдық округінің әкімшілігіне жиналған тұрғындарға алдымен аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев дербес бөлімдер тарапынан атқарылатын жұмыстардың жоспарын таныстырды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Салаларда атқарылатын жұмыстардың ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін жетінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Халмурадовтың төрағалығымен болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Сессия отырысына аудан әкімі Уласбек Садибеков, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді: 1. Сайрам аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №13-82/VII «Сайрам ауданы ...

Толығырақ »

САЙРАМДА АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМДАР ЕСКЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров, аудандық мәслихаттың депутаты Сакен Султанов, аудан әкімінің баспасөз қызметі Меруерт Шонтукова, «ЯНС» ЖШС-і директордың орынбасары Ш.Юнусов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкері Т.Шекетов Ақсукент ауылындағы Экспедия аумағындағы тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кездесудің ...

Толығырақ »

Түркістанда ардагерлер арасында «Жыр жауһарлары» облыстық байқауы өтті

Бүгін киелі қала төрінде «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 35 жылдығына арналған ардагерлер арасында «Жыр жауһарлары» атты байқау өтті. Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов салтанатты шараның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде ұлттық киімді насихаттап келген ардагерлерге алғыс білдірді. Сонымен қатар шараның маңыздылығына тоқтала келе, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі. Содан соң аталмыш сайыс екі бағыт бойынша, атап айтқанда хор ұжымдары ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ 

Түркістан қаласындағы «Яссы» секторында тұрғындармен өткен бүгінгі кездесуде қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылған жұмыстар барысын баяндап, жоспарлармен бөлісті. Жалпы жыл басынан бері секторда 3 кездесу өткізіліп 93 мәселе көтерілген болатын. Оның ішінде: — 64 — орындалды (8 жол мен көлік саласы, 11 инфрақұрылым, 26 абаттандыру мен тазалық мәселесі, 6 — қоғамдық көлік және 13 басқа да мәселелер); — 11 — ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ ІШІНДЕ ТӨРТІНШІ КЕЗДЕСУ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тұрғындармен кезекті кездесуі бүгін Сауран секторында басталды. Жалпы жыл басынан бергі кездесулерде 112 мәселе көтерілген болатын. Оның: — 67 — орындалды (9 жол мен көлік саласы, 17 инфрақұрылым, 6 қоғамдық көлік, 8 абаттандыру және 13 басқа да мәселелер өз шешімін тапты); — 9 мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде; — 36 — заңға сәкес түсіндірілді. 2022 жылы ...

Толығырақ »

НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ МУЗЕЙІ ЖАЙЫНДА

Қазақтан шыққан тұңғыш дипломатқа арналған Нәзір Төреқұлов музейі 2006 жылғы қараша айында қоғамдық негізде Нұрмахан Назаровтың басшылығымен Түркістан қаласындағы Саттар Ерубаев музейінде арнайы бөлме болып ашылған. 2008 жылы музей жеке ғимаратқа көшіріліп, 25 наурыздан бастап Шымкент қаласындағы «Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінің филиалы болып бекітілді. Музейдің ашылу салтанатына алыс-жақын шетелдерден ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ТАСКЕШУЛІКТЕРДІҢ ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТИІСТІ ШЕШІМІН ТАУЫП ОТЫР

Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінде Таскешу ауылының тұрғындары жол белгілерін орнату, аялдаманы ретке келтіру, Шымкент және Таскешу бағытында қоғамдық көлікті жүргізу, сонымен қатар электр жарығымен тұрақты қамту мәселелерін «Евразия» телеарнасына ағымдағы жылдың 14 қарашасында шағымданған болатын. Сайрам ауданының әкімдігі тарапынан сын-пікір назарға алынып, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев телеарнаның Түркістан облысы бойынша тілшісі Бахром Абдуллаевқа түйіткілді мәселелердің бақылауға алынып, алдағы ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ЛАНКЕСТІКТЕН ҚАРСЫ ҚОРҒАЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Сайрам ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан аумағындағы білім беру, мәдениет және спорт, сауда және әлеуметтік нысандардың басшыларымен террористік тұрғыдан осал объектілердің ланкестіктен қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды түсіндіру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес, облыстық жұмысшы топпен семинар мәжіліс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Семинар мәжіліске Түркістан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Мұстафа Ерлан Сайыпназарұлы, ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАРАСУЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарасу ауылдық округінің тұрғындарымен «Шаңырақ» мейрамханасының залында кездесу өткізуде, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиында алдымен ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында жергілікті халықтың көтерген мәселелерінің орындалу нәтижесі баяндалды. Сонымен қатар, жергілікті ақын Тәнімгүл Шонтикова «Балауса» туындысын әкімге сыйға тартты. Кездесу барысында басшының назарына белсенді қарасулықтар ауыл аумағынан 1200 орындыққа ...

Толығырақ »

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-ДЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

Биыл Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне 30 жыл толды. Оқу орны үшін айтулы мерейтойды атап өту былтырдан бері қолға алынып, түрлі деңгейдегі ауқымды іс-шаралар өткізіліп келеді. Ал бүгін университет ұжымы Түркістанның төрінде кең көлемде гала-концерт ұйымдастырып, жыл көлемінде істелген жұмыстардың нүктесін қойды. Ахмет Ясауи университеті бауырлас Түркия Республикасымен бекем ынтымақтастық нәтижесінде түркі әлемінің ортақ білім-ғылым шаңырағына айналды. Сондықтан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен тұңғыш қазақ дипломаты, көрнекті саяси және қоғам қайраткері, тілші, ғалым, Сауд Арабиясындағы Кеңес Одағының алғашқы елшісі – Нәзір Төреқұловтың 130 жылдығына арналған атаулы күнге орай «Алаштың ардақтысы –Нәзір Төреқұлов» атты әдеби танымдық кеш өтті. Биыл Тұңғыш қазақ дипломаты, көрнекті саяси және қоғам қайраткері, тілші ғалым және дипломат, Сауд Арабиясындағы Кеңес Одағының алғашқы елшісі ...

Толығырақ »

САЙРАМ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА БАСКЕТБОЛДАН АЙМАҚТЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Бүгін Сайрам ауданының орталығындағы бірнеше мектептің ұл балалары арасында спорттың баскетбол түрінен аймақтық жарыс басталды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған жарыс №5 М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде өтуде. Атап айтқанда, С.Сейфуллин, Абылайхан, Бабыр, М.Горький, №94 секілді жалпы орта мектептері. Ұйымдастырылған спорттық шараға 9-11 сынып аралығында жасөспірімдері қатысады. Жарысқа аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев ...

Толығырақ »

«ПРОКУРАТУРА ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ

Қазіргі заманғы сын-қатерлер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуді және жоғары қадағалау органын жаңғыртуды, прокурорлар қызметінің кепілдіктерін нығайтуды талап етеді. Бұл тұрғыда «Прокуратура туралы» Конституциялық Заңына Мемлекет басшысымен жария түрінде қол қойылып, 2022 жылдың 17 қарашасынан қолданысқа енгізілді. Заңның негізгі мақсаты – прокуратураның құқық қорғау қызметін жүйелі түрде күшейту, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылық құралдарын нығайту. Конституциялық заңның 1-бабына сәйкес прокуратура ...

Толығырақ »

Тау алыстаған сайын биіктейді

Қит етсе, өткенді күстаналап шыға келетін кезеңге тап келдік. Кеңестер Одағы билік құрып тұрған кешегі жетпіс жылда аға буын ұлт үшін ешнәрсе тындырмағандай, материалдық игіліктер де, рухани игіліктер де тап бүгін ғана қолға алынғандай сөйлейтіндер пайда болды. Ал, ақиқатына келсек, қай салада да Қазақстанның алтын ғасыры сол Кеңестер Одағы билік құрған жетпіс жылмен тұспа-тұс келеді. Бұл жылдары ауыл шаруашылығы саласында ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕГІ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ ҚАСЫМЖОМАРТ КЕЛДІ

Шымкент қаласында №101 сайлау учаскесіне Қасымжомарт өз таңдауын жасауға келді. Ол бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына алғаш рет қатысып отыр. 18 жасқа жақында толған Қасымжомарт қазір М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Аграрлық факультетінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы бойынша білім алып жүр. –Есімімді әжем қойған. Ол кезде қазіргі Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Премьер-Министр қызметін атқарған екен. Абыройлы, білімді азаматтың есімін ...

Толығырақ »

Саяси науқанда өз таңдауларын жасады

Шымкенттегі №10 сайлау учаскесін Көпбосыновтар отбасы ерекше мерекеге айналдырды. Туымыз, қызылды-жасылды шарлар балаларға қуаныш сыйлады. Қаламыздағы ең үлгілі отбасы келіндері мен немерелерімен науқанға келіп, өз таңдауларын жасады. —Балаларымызға бүгін мереке деп айттық. Расында сайлау — мереке. Біз қоғамда болып жатқан саяси науқанға қатысып, ел Президентіне даусымызды бердік. Ал балалары мұндай күннің маңыздылығын кішкентайынан сезіне бастайды, — деді отағасы. Айта кетейік, ...

Толығырақ »

«ҮЗДІК ЕҢБЕК ӘУЛЕТІ» ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛДІ

Шымкентте №65 мектеп-гимназиясы ғимаратында орналасқан №146 сайлау учаскесіне «Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы Аубакировтар әулеті дауыс беруге келді. Байланысшылар династиясы атанып кеткен Аубакировтар отбасы жуырда Шымқалада өткен «Еңбек жолы» байқауында жеңімпаз атанған болатын. Ата, бала, немере. Бір әулеттен шыққан аталы-немерелі байланысшылардың еңбек өтілі ғасырға жуық уақытты құрап отыр. –Байланыс саласында 35 жылдан астам еңбек еттім. Елімізде болып жатқан әрбір маңызды ...

Толығырақ »

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ АРДАГЕР-ҰСТАЗҒА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласындағы №45 сайлау учаскесінде шәкірттер ұстазын туған күнімен құттықтап, ерекше тосын сый жасады. Зейнекүл Үсенова – №52 мектеп-лицейінің ардагер-ұстазы. Математика пәнінің мұғалімі аталған білім ордасында 40 жыл ұстаздық етіп, зейнеткерлікке шыққан. Ардагер ұстаздың туған күні – сайлау күнімен тұспа-тұс келді. –Ел Президентіне даусымды беріп, азаматтық борышымды орындадым. Бюллетенді салып болғаным сол еді, шәкірттерім гүлімен алдымнан шықты. Туған күнімді ұмытпапты. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА 9 СПОРТ ТҮРІНЕН ҚЫСҚЫ ҚАЛА БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қаладағы секторлар арасында 9 спорт түрінен ересектер арасындағы қысқы қала біріншілігі басталды. «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан шарада 8 команда бақ сынасуда. Қатысушылар шахмат, тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі, гір тасын көтеру, қол күрес пен асық атудан жүлделі орындарды сарапқа салмақ. Тұрғындар ...

Толығырақ »

Сайрамда жаңа индустриалды аймақ құрылады

Түркістан облысында құны 42,541 млрд. теңгені және 3023 жұмыс орнын құрайтын барлығы 60 жоба орналасқан. 2023 жылдың 1-жартысында «Тurkistan» индустриалды аймағында орналасқан браунфилд өндірістік ғимаратында ISIKLAR HOLDING A.S. өндіріс орнын орналастыру (құрылыс материалдарына арналған қаптама шығару) бойынша келіссөздер жүргізілуде. Өңірдегі инвестициялық ахуал туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды. Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сайрам ауданынында жаңа индустриалды аймағын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ БІР ӘУЛЕТТІҢ ТӨРТ ҰРПАҒЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Шымшаһар тұрғындары өз таңдауларын жасауда белсенділік танытуда. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде орналасқан №98 сайлау учаскесінде бір әулеттің 4 бірдей ұрпағы өз таңдауын жасады. 90 жастағы кейуана сайлау учаскесіне дауыс беру үшін ұлы, келіні, немерелері және шөберелерін ертіп келді. Өмірге 5 перзент әкелген қарт ана саналы ғұмырында ұстаздық етіп, бала тәрбиесімен айналысқан. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап елдегі ...

Толығырақ »

МОЛОДОЖЕНЫ ПРОГОЛОСОВАЛИ НА ИЗБИРАТЕЛЬНОМ УЧАСТКЕ

На избирательном участке №77 проголосовали молодожены. Даурен Тойбол и Акмарал Калдыбаева отдали свой голос в день создания семьи. «Я рад, что наша семья создана в этот знаменательный для нашей страны день. Мы с супругой хотели обязательно принять участие во внеочередных президентских выборах и связать исторический день с днем поднятия нашего шанырака», — поделился Даурен Тойбол. Сегодня пара получила свидетельство о ...

Толығырақ »

ОТАУ ҚҰРҒАН ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

Шымкентте №77 мектепте орналасқан №77 сайлау учаскесінде жас- жұбайлар дауыс берді. Жаңадан отау құрған Дәурен Тойбол мен Ақмарал Қалдыбаева отбасын құрған күні өз таңдауын жасады. –Еліміз үшін айтулы күнде отбасымыздың құрылғанына қуаныштымын. Қалыңдығым екеуміз міндетті түрде кезектен тыс Президент сайлауына қатысып, тарихи күнді шаңырақ көтерген күнімізбен байланыстырғымыз келді. Мінекей, дауыс беруге, өз таңдауымызды жасауға келіп тұрмыз, — деді Дәурен Тойбол. ...

Толығырақ »