Бүгін Сайрам ауданының орталығындағы бірнеше мектептің ұл балалары арасында спорттың баскетбол түрінен аймақтық жарыс басталды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған жарыс №5 М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде өтуде.
Атап айтқанда, С.Сейфуллин, Абылайхан, Бабыр, М.Горький, №94 секілді жалпы орта мектептері.
Ұйымдастырылған спорттық шараға 9-11 сынып аралығында жасөспірімдері қатысады.
Жарысқа аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев арнайы барып, мектеп директоры Х.Пазаевпен бірге жарыстың ашылуымен құттықтады.
Мадияр Мұхтарұлы өз сөзінде:
— Құрметті жарысқа қатысушылар! Спорт — денсаулық кепілі екенін білесіздер. Жас ұрпақ бос уақытында спортпен үнемі шынығу керек. Спорттағы жетістіктердің барлығы еңбектің арқасында жететінін білесіздер. Қазақстанның туын көкте желбірететін, әлемге танытатын жас чемпиондар өсіп шыға берсін! Баршаңызға сәттілік, жеңіс тілеймін!