Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Сайлауалды бағдарлама журналистерге таныстырылды

Сайлауалды бағдарлама журналистерге таныстырылды

«Әділет» партиясының өкілдері «Оңтүстік ТВ» телеарнасының БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Наргиза Керимбаеваның өкілі Азамат Нурымбетов, кандидат Алжан Байметов және партия штабының мүшесі Орынбасар Лештаев қатысты.

Жиын барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары мен басымдықтарын таныстырып, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жоспарларын баяндады.

Атап айтқанда, қалалық инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік қолдауды күшейту және қала тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерді шешу бағытындағы бастамаларға басымдық берілді.

Кездесу барысында журналистермен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың сауалдарына жауаптар берілді. Сонымен қатар партия өкілдері алдағы жоспарлары мен сайлауалды бағдарламаның негізгі міндеттерін кеңінен түсіндірді.

Жиын қорытындысында қоғаммен тұрақты байланыс орнатудың, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектерін ескерудің және ашық диалогты дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Пікір жазу