«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы штабының мүшелері «Diamond Plaza» ойын-сауық орталығының еңбек ұжымы және сауда үйіне келушілермен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстыру, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен міндеттерді түсіндіру, сондай-ақ азаматтармен ашық диалог орнатып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау.
Жүздесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген негізгі міндеттер мен басым бағыттар кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлік саласын өркендету, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, қоғамдық кеңістіктердің қолжетімділігін арттыру және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жоспарлар туралы ақпарат берілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында жалғасып, сауда орталығының қызметкерлері мен келушілер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Өз кезегінде штаб мүшелері көтерілген мәселелерге қатысты түсініктемелер беріп, азаматтармен пікір алмасты.
Мұндай кездесулер тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдауға және қоғамды толғандырған өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасының мазмұнын кеңінен түсіндіріп, азаматтар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы ашық диалогты дамытуға бағытталған.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

