Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «LEXUS CENTЕR SHYMKENT» ҰЖЫМЫМЕН САЙЛАУАЛДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«LEXUS CENTЕR SHYMKENT» ҰЖЫМЫМЕН САЙЛАУАЛДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділет» партиясы Қаратау аудандық филиалының штаб мүшелері «Lexus Centеr Shymkent» ұжымымен кездесу өткізді.
Нет описания фото.
Кездесу барысында партияның негізгі бағыттары, сайлауалды бағдарламасының басымдықтары мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалары кеңінен таныстырылды. Штаб мүшелері алдағы жоспарлар мен нақты мақсаттарға тоқталып, ұжым өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жөнінде ашық пікір алмасты.
Возможно, это изображение один или несколько человек, костюм, отдел новостей и текст
Кездесуде халықтың табысын арттыру және жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Спикерлердің айтуынша, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында тұрақты және қысқа мерзімді шаралар аясында 20 мың адамды жұмыспен қамтуға атсалысу көзделіп отыр.
Нет описания фото.
Бұл бағытта өңдеу өнеркәсібі мен шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және тұрақты жұмыс орындарын ашу маңызды рөл атқарады. Нәтижесінде халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі мен табысы артып, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін берілмек.
Возможно, это изображение костюм
Мұндай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға, азаматтардың талап-тілектері мен ұсыныстарын ескеруге және ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Әділетті қоғам – ортақ мақсат, ел болашағы – ортақ жауапкершілік!
Тапсырыс беруші:
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Пікір жазу