Шымкентте «Әділет» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар «ATEX» цехының еңбек ұжымымен кездесті.
Басқосуға №16 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидаттар Қайрат Имашев, Асель Амангалиева, Ғалымжан Шалабаев және партияның Тұран аудандық филиалының төрағасы Есімхан Бертаев қатысты.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көтерілген мәселелер талқыланып, партияның 2027–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.
Әсіресе өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың табысын арттыру мәселелеріне назар аударылды.
Кандидат Қайрат Имашев экономикалық өсімнің нәтижесі халықтың тұрмыс сапасынан көрінуі керектігін атап өтті. Оның айтуынша, өндіріс орындарын дамыту және еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлау – тұрақты жұмыспен қамтудың маңызды шарттарының бірі.
Өз кезегінде Есімхан Бертаев еңбек ұжымдарымен тікелей кездесіп, жұмысшылардың ұсыныстарын тыңдаудың маңызына тоқталды.
Тапсырыс беруші:
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.