Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 56 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

56 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

Тұрғын үй қорын дамыту және халықтың түрлі санатын баспанамен қамту жұмысы жалғасуда. Осы бастама⠀аясында «Отбасы банк» АҚ арқылы «Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру» бағыты бойынша тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған пәтерлер бөлініп отыр.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бүгін қаламызда 56 отбасыға «Асар-2», «Бозарық» және «Тұран» шағынаудандарында орналасқан жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Осы ретте тұрғындарға кейіннен сатып алу құқығымен несиелік және жалға берілетін баспана берілді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Пәтер алғандардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы және толық емес отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер бар.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Айта кетейік, 56 отбасы үшін баспаналы болу⠀көптен күткен сәт әрі өміріндегі маңызды кезең болды. Тұрғындар көрсетілген қолдауға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға жасалған мүмкіндікке алғысын білдірді.

Пікір жазу