Шымкент қаласында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы 23 қазанда басталды. Қазіргі таңда жылу энергиясы көпқабатты тұрғын үйлерге және өзге де тұтынушыларға толық көлемде берілуде. Барлық қазандықтар мен сорғы станциялары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Пәтерлеріңізде жылу болмаған жағдайда ОСИ, ПИК немесе тұрғын үйдің ішкі жылыту жүйесіне қызмет көрсететін сервистік ұйымға хабарласу қажет.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсан №211 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен жылумен жабдықтаушы ұйым арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы басқару органының кіріс ысырмасының бірінші фланеці немесе дәнекерлеу тігісі бойынша белгіленеді.
Егер сервистік ұйым болмаса, жоғарғы қабаттарда орналасқан пәтерлердегі радиаторлардан ауаны шығару жұмыстарын жүргізу қажет.
Сонымен қатар, жылумен жабдықтаушы ұйымның жауапкершілігі элеватор торабының кіреберісінде шектелетіндіктен, жылу тасымалдағыштың жылытылмайтын көтергіштер арқылы айналымын қалпына келтіру үшін тиісті көтергіштерді ауыстыру және жылыту аспаптарын (радиаторларды) тазалау жұмыстарын тұрғын үйді басқару тарапымен бірлесіп жүргізу қажет.
Фото ЖИ көмегімен өңделді.