Шымкент қаласындағы «ЦУМ» сауда орталығында «Әділет» партиясының сайлауалды штабы өкілдерінің кәсіпкерлермен, сауда орталығының қызметкерлерімен және қала тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру, оның басым бағыттары мен алдағы кезеңге арналған міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау.
Іс-шара барысында штаб мүшелері партияның ақпараттық материалдарын таратып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сауда орталығындағы кәсіпкерлермен және қызметкерлермен пікір алмасып, қала тұрғындарын толғандырған әлеуметтік-экономикалық мәселелерге назар аударды.
Кездесуге мәслихат депутаттығына кандидаттар Наргиза Керимбаева, Алжан Байметов, Юрий Пан, Асқар Катев және сайлауалды штаб мүшелері Орынбасар Лештаев пен Жандарбек Садыков қатысты.
Жүздесу барысында тұрғындар мен кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Әсіресе, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй мәселесі, қалалық инфрақұрылымның сапасы және халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі жөніндегі тақырыптар қозғалды.
Кездесу барысында депутаттыққа үміткер Наргиза Керимбаева азаматтармен тікелей диалог орнатудың маңыздылығына тоқталып, өңірлік сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары жөнінде пікір білдірді.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.


