«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы штабының мүшелері №15 қалалық емдеу орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстыру, денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған бастамаларды түсіндіру және медицина қызметкерлерімен ашық пікір алмасу.
Жүздесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген негізгі міндеттер мен басымдықтар кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ медицина қызметкерлерін қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар кандидаттар алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен бастамаларға тоқталып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік саланы дамыту және азаматтардың сапалы медициналық көмек алуына қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы міндеттер туралы баяндады.
Кездесу барысында емдеу орталығының қызметкерлері де өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді көтерді. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, кандидаттармен ашық пікір алмасты. Өз кезегінде штаб мүшелері қойылған сұрақтарға жауап беріп, айтылған ұсыныстардың маңыздылығына тоқталды.
Медицина қызметкерлерімен өткен жүздесу барысында денсаулық сақтау саласының қоғам өміріндегі айрықша орны атап өтілді. Өйткені халықтың денсаулығын сақтау, медициналық көмектің сапасын арттыру және білікті мамандардың кәсіби қызметіне қолдау көрсету – әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарының бірі.
Кездесу соңында медицина саласының өкілдері алдағы сайлауалды жұмыстарға сәттілік тілеп, партия бастамаларына қолдау білдірді.
Мұндай кездесулер сала мамандарымен тікелей байланыс орнатып, олардың кәсіби қызмет барысында кездесетін мәселелері мен ұсыныстарын тыңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіріп, қоғам мен саяси науқанға қатысушылар арасындағы ашық диалогты дамытуға ықпал етеді.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

