Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «ЫНТЫМАҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«ЫНТЫМАҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының Шымкент қалалық сайлауалды штабы мүшелері «Ынтымақ» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Басқосуда Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелер талқыланып, партияның Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.

Кездесуде ел экономикасын дамыту, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселелеріне назар аударылды. Бұл бағыттар Президент Жолдауында да, партияның өңірлік бағдарламасында да қамтылған.

Мемлекет басшысы Жолдауында азаматтарды толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету халықтың тұрмыс сапасын арттырудың маңызды шарты екенін атап өткен болатын. Осы мақсатта еліміздің барлық өңірінде құрылыс жұмыстарын жандандырып, халыққа қажетті әлеуметтік нысандарды салу міндеті қойылды.

Атап айтқанда, Жолдауда республика бойынша 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу, сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесінің құрылысын бастау жоспарланғаны айтылды. Бұл бастамалар тұрғындардың медициналық қызмет пен білім алуға қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Жиында аталған міндеттердің Шымкент қаласының дамуына қатысты тұстары да қарастырылды. «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында білім беру инфрақұрылымын кеңейту, медициналық қызметтің сапасын жақсарту, жол және коммуналдық шаруашылық салаларын жаңғыртуға қатысты нақты мақсаттар белгіленген.

Мәселен, бағдарламада алдағы бес жылда жалпы 4800 орындық 16 мектеп салуға, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 7500 жаңа орын ашуға атсалысу көзделген. Сонымен қатар білім беру мекемелерін заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау мәселелеріне де көңіл бөлінген.

Қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту да бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі. Атап айтқанда, нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесін 98 пайызға, тұрғындарды табиғи газбен қамту деңгейін 99 пайызға жеткізуге ықпал ету, сондай-ақ ауыз сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін жаңғырту жөніндегі міндеттер қарастырылған.

Басқосуда экономикалық даму мен жұмыспен қамту мәселелері де сөз болды. Партияның сайлауалды бағдарламасында шағын және орта бизнесті қолдау, инвестициялық жобаларды іске асыруға ықпал ету және тұрақты әрі қысқа мерзімді шаралар арқылы 20 мың адамды жұмыспен қамтуға атсалысу жоспарланған.

Кездесуде бұл міндеттердің жүзеге асуы үшін мемлекеттік бастамаларды халыққа түсіндірумен қатар, жергілікті жерлердегі қажеттіліктерді ескерудің маңызы атап өтілді. Осы тұрғыдан алғанда, бастауыш партия ұйымдары тұрғындармен байланыс орнатуға, олардың ұсыныс-пікірлерін жеткізуге және қоғамдық мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін алаңдардың бірі болып саналады.

Жиында Президент Жолдауы мен партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндеттердің өзара байланысы қарастырылып, олардың Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бағыттары түсіндірілді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Пікір жазу