Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР «SHYMKENT BUS» КӘСІПОРНЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР «SHYMKENT BUS» КӘСІПОРНЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қамбатыров Таймас Заманбекұлы «Shymkent Bus» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге сондай-ақ мәслихат депутаттығына кандидат Елшиева Альбина Балғабайқызы қатысты.
Жүздесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алдағы жоспарлар мен басым міндеттерді ортаға салды. Атап айтқанда, қоғамдық көлік саласын дамыту, жолаушылар тасымалының сапасы мен қолжетімділігін арттыру, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту және сала қызметкерлерін қолдау мәселелеріне тоқталды.

Кездесу барысында Қамбатыров Таймас Заманбекұлы партияның алдағы кезеңге арналған мақсаттары мен нақты міндеттемелеріне тоқталып:
«Біздің ұстанымымыз – жалпы партиялық басымдықтарды қала тұрғындарының қажеттіліктерімен ұштастыру және мәслихат депутаттары өз өкілеттіктері шеңберінде іске асырылуына ықпал етіп, орындалуын бақылай алатын нақты міндеттемелерді айқындау.
2031 жылға қарай Шымкент қаласы өнеркәсіптің дамуы халықтың өмір сүру сапасының артуымен қатар жүретін, инфрақұрылымы нақты әрі түсінікті кестеге сәйкес жаңартылатын, ал партия мен оның депутаттары әрбір міндеттеменің орындалуын бақылау үшін дербес жауапкершілік алатын өңірге айналуы тиіс», – деді.

Жүздесу барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салып, кандидаттарға сұрақтарын қойды. Кандидаттар еңбек ұжымының пікірлерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтті.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Пікір жазу