Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының штаб мүшелері “Мынбала” ЖШС орта мектебінің ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.


Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, алдағы бес жылға арналған негізгі мақсат-міндеттері, басым бағыттары мен жоспарлары кеңінен түсіндірілді.
Спикерлер өз сөздерінде білім беру саласын дамыту, жастарға қолдау көрсету, сапалы білім алуға мүмкіндік жасау, педагогтердің мәртебесін көтеру және әлеуметтік мәселелерді шешу бағыттарына ерекше тоқталды. Сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған партияның бастамалары мен нақты ұсыныстары туралы баяндады.
Адами капиталды дамыту мәселесіне тоқталған спикерлер сапалы білімге, медициналық көмекке және жеке даму мүмкіндіктеріне қолжетімділік қаланың болашағы мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайтынын атап өтті.
Осы ретте Шымкент халқының өсу қарқынын ескере отырып, балабақшалар мен мектептер желісін кеңейту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту және оқушыларға қолайлы жағдай жасау қажеттігілі айтылды.
Бұдан бөлек, жастарды қолдау, бұқаралық спортты дамыту және қолжетімді спорт алаңдарын көбейту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру мен өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау мәселелері көтерілді.


Кездесу барысында білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер, жастардың болашағы мен қоғамдағы өзгерістер жөнінде пікір алмасты. Колледж ұжымының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Пікір жазу