Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «BALABI TEXTILE» КӘСІПОРНЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«BALABI TEXTILE» КӘСІПОРНЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділет» партиясының штаб мүшелері «Balabi Textile» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тоқыма өнеркәсібін дамыту, отандық өндірісті қолдау, кәсіпкерлік саласын өркендету, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.


Штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өндіріс саласын дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларға тоқталды.


Спикерлер өз сөздерінде партия қызметінің негізінде әділеттілік, отаншылдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және прогресс секілді бес басты құндылық жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ «Заң және тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттары қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, еңбек мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны абаттандыру бағыттарында маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Пікір жазу