«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы штабының мүшелері «Атамекен» балабақшасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстыру, білім беру саласын дамытуға бағытталған бастамалар мен алдағы міндеттерді түсіндіру, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру мәселелерін талқылау.
Жүздесу барысында штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген негізгі бағыттарға тоқталып, білім беру жүйесін жетілдіру, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын дамыту, балаларға сапалы тәрбие мен білім беруге қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау, тәрбиешілер мен педагогтердің еңбегін қолдау, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және саладағы өзекті мәселелерді шешу бағытындағы бастамалар сөз болды.
Кездесу барысында балабақша қызметкерлері де өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлері мен ойларын білдірді. Ашық форматта өткен пікір алмасу кезінде тараптар мектепке дейінгі білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылап, қойылған сауалдарға жауап берді.
Штаб мүшелері білім беру саласының дамуы – қоғамның болашағына салынған маңызды инвестиция екенін атап өтті. Өйткені баланың алғашқы тәрбиесі мен танымдық қабілетінің қалыптасуында мектепке дейінгі ұйымдардың орны ерекше. Сондықтан сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізін қалыптастыру, педагогтердің кәсіби қызметіне қолдау көрсету және балалар үшін қолайлы орта қалыптастыру әрдайым назарда болуы тиіс.
Мұндай кездесулер білім беру саласының өкілдерімен тікелей байланыс орнатып, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдауға, саладағы өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын кеңінен түсіндіріп, қоғам мен партия арасындағы ашық диалогты нығайтуға ықпал етеді.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

