Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «Әділет» партиясы Қаратау аудандық филиалының штаб мүшелері «Барс-2007» ЖШС ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясы Қаратау аудандық филиалының штаб мүшелері «Барс-2007» ЖШС ұжымымен кездесті

Кездесудің негізгі мақсаты – «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстыру, партияның алдағы жоспарлары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелерді талқылау. Сонымен қатар, тұрғындармен ашық диалог орнатып, партия мен қоғам арасындағы байланысты нығайту көзделді.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыс орындарын сақтау және еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар, ұжым мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу жүргізілді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Пікір жазу