Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖӘНЕ КЕЛУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖӘНЕ КЕЛУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы штабының мүшелері ойын-сауық орталығының еңбек ұжымымен және келушілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат орталық қызметкерлерімен және келушілермен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған басым міндеттер мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жоспарлар жөнінде ақпарат берді.

Ашық форматта өткен кездесуде азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Қатысушылар өз ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектерін білдіріп, қоғам өміріне қатысты мәселелер бойынша ойларын ортаға салды. Сондай-ақ тұрғындар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, кандидаттан тиісті жауаптар алды.

Кездесу барысында халықпен тікелей байланыс орнатудың, азаматтардың пікірін тыңдап, олардың ұсыныстарын назарға алудың маңыздылығы атап өтілді. Мұндай жүздесулер қоғам мен саяси науқанға қатысушылар арасындағы өзара байланысты нығайтып, тұрғындарды толғандырған мәселелерді ашық талқылауға жол ашады.

Осындай кездесулердің басты маңызы – азаматтардың үнін естіп, олардың көзқарасы мен ұсыныстарын назарға алу. Ашық пікір алмасу арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтап, халық пен кандидат арасындағы тікелей диалогты дамытуға мүмкіндік туады.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Пікір жазу