«Медикер ЮК» медициналық орталығының еңбек ұжымымен кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Наргиза Керимбаева, Алжан Байметов, Нұржан Мамырайхан, Асқар Катаев және Юрий Пан, сондай-ақ партия штабының мүшелері Ербол Байқонысов пен Орынбасар Лештаев қатысты.
Іс-шара барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелерге тоқталды.

Спикерлер өз сөздерінде сапалы білімге, қолжетімді медициналық көмекке және даму мүмкіндіктеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету қаланың адами капиталын қалыптастырудағы басты факторлардың бірі екенін атап өтті.
Сонымен қатар Шымкент халқының қарқынды өсуіне байланысты балабақшалар мен мектептер желісін кеңейту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту және оқушыларға түсетін шамадан тыс жүктемені азайту қажеттігі айтылды.

Колледждерде еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау, өндіріс орындарымен байланысты нығайту мәселелері де назардан тыс қалмады.
Денсаулық сақтау саласына қатысты алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, медициналық қызмет сапасын жақсарту, медициналық инфрақұрылымды дамыту және білікті кадрлармен қамтамасыз ету бағыттары талқыланды.
Кездесу соңында медицина саласының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидаттар көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, қала дамуына қатысты бастамаларды қолдаудың маңызын жеткізді.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.


