Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласында «Әділет» партиясынан мәслихат депутаттығына үміткерлер «Шымкент келбеті» газетінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге мәслихат депутаттығына үміткерлер Наргиза Керимбаева, Алжан Байметов, Нұржан Мамырайхан, Азимхан Исабек және Юрий Пан, штаб мүшелері Дана Калменова, Орынбасар Лештаев, сондай-ақ «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқару хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов қатысты.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі жөнінде пікір алмасты.

Үміткерлер Шымкенттің жарқын болашағы тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, сапалы жұмыс орындарын құру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту және қалалық инфрақұрылымды жаңғыртумен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өміріндегі маңызына ерекше назар аударылды. Қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты қалыптастыруда, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін жеткізуде және қаланың тыныс-тіршілігін жария етуде журналистердің еңбегі зор екені айтылды.

Кездесу барысында кандидат Юрий Пан Шымкенттің дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту ортақ мақсат екенін атап өтті.

«Біздің мақсатымыз – қуатты экономика, қауіпсіз қала, сапалы өмір және жарқын болашақ! Ол үшін әрбір азаматтың мүддесі ескеріліп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назардан тыс қалмауы керек. Қоғаммен ашық байланыс орнатып, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру маңызды. Бұл ретте журналистердің атқаратын рөлі ерекше. Себебі бұқаралық ақпарат құралдары халық пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді көтеруге ықпал етеді», – деді Юрий Пан.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, Шымкенттің одан әрі дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және қоғаммен тиімді байланыс орнатуға бағытталған бастамаларды талқылады.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Пікір жазу