Бүгін Gramad гипермаркетінің еңбек ұжымымен сайлауалды кездесу өтті.
Кездесу барысында өңірлік кәсіпкерлікті қолдау, өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және қала экономикасының әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.
«Әділет» партиясының Шымкент қаласын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылып, кәсіпкерлік саласын қолдауға арналған бастамалар сөз болды. Атап айтқанда, «Іскер аймақ» жобасы аясындағы мүмкіндіктерді кеңейту, мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру және жастарды жұмыспен қамту мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу барысында кандидат өзінің 29 міндеттен тұратын бағдарламасында көзделген кәсіпкерлікті дамытуға қатысты жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар гипермаркет қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, оларды толғандырған сауалдар бойынша пікір алмасты.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, еңбек ұжымымен өзекті мәселелерді талқылауға және алдағы міндеттерді айқындауға мүмкіндік берді.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.


