Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «БАЯНСҰЛУ» САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«БАЯНСҰЛУ» САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділет» партиясы филиалының Шымкент қалалық штабының мүшелері «Баянсұлу» сауда орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, алдағы бес жылға арналған мақсат-міндеттері мен басымдықтары кеңінен түсіндірілді.

Спикерлер өз сөздерінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, қалалық инфрақұрылымды дамыту, жолдардың сапасын жақсарту және әлеуметтік саланы жетілдіру бағытындағы жоспарлармен бөлісті.

Кездесу барысында сауда орталығының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Спикерлер қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.

Жүздесу ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, еңбек ұжымы партияның сайлауалды бағдарламасы мен алдағы жоспарлары туралы жан-жақты ақпарат алды.

Мұндай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатуға, еңбек ұжымдарының талап-тілектері мен ұсыныстарын ескеруге және қоғамдағы өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік береді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Пікір жазу