Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «ГРАНД ПАРК» САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ГРАНД ПАРК» САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалы өкілдері «Гранд Парк» сауда орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.


Кездесуге «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Рәбілұлы Байқонысов, Абай аудандық филиалының төрағасы Жандос Сатыбалдыұлы Қамбарбеков, сондай-ақ Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Камшат Бүрлібайқызы Битемирова мен Берген Ержаппарұлы Ержаппар қатысты.
Жиында «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» жалпыұлттық сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары, сондай-ақ Шымкент қаласының өзекті мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.


Кездесу барысында Ербол Рәбілұлы Байқонысов алдағы бес жылда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды міндеттерге тоқталды.
«2031 жылға қарай Шымкент қаласы өнеркәсібі дамыған, халықтың өмір сүру сапасы артқан, инфрақұрылымы нақты әрі түсінікті жоспарға сәйкес жаңартылатын өңірге айналуы тиіс. Ал партия мен оның депутаттары әрбір міндеттеменің орындалуына бақылау жасап, дербес жауапкершілік алуы қажет», – деді ол.
Сонымен қатар партияның реформаторлық центризм бағытын ұстанатыны атап өтілді. Бұл бағыт парасатты пайымға, кәсібилікке және қоғамдық мәселелерді шешудегі жауапты көзқарасқа негізделген.
Кездесу соңында сауда орталығы қызметкерлерімен пікір алмасып, оларды толғандырған мәселелер мен ұсыныстар тыңдалды.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Пікір жазу